Атырау, 20 сәуір 00:59
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бақытбек Есентаевқа қатысты іс екі бап бойынша ғана тоқтатылуы мүмкін

2 307 просмотра

Фото: Instagram

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер Баян Мақсатқызының күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешіміне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің Бақытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрағаны туралы өтінішінің осы қылмыстық іс бойынша сотталушыға тағылып отырған айыптар аясында бас оты отырысында қаралатыны және айыпты тұлғаға жаза қолдану кезінде есепке алынатыны хабарланып отыр.

"Сонымен қатар, тағылған айыптарға сәйкес, Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған қылмыстық жазаланатын әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағы - зорлау мен зорлық әрекеттермен ұласқан кісі өлтіруге оқталу ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының негізінде татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жол беомейді", - деп хабарлады Алматы облыстық баспасөз қызметінің өкілдері.

Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған қалған қылмыстар - зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері ауырлығы бойынша орта деңгейдегі қылмыс.

"Сондықтан іс айыптаудың осы бөлігінде ғана тоқтатылуы мүмкін. Ал Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған аса ауыр қылмысқа жәбірленуші берген өтініш соттың шешім шығару кезінде есепке алынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Адвокат Джохар Өтебеков продюсер Баян Мақсатқызының күйеуін кешіру туралы шешімінің сотқа қалай әсер ететіні жайлы пікір айтқан еді.

Айта кетейік, сот отырысында продюсермен Грузияда бірге болған "Лашын" тобының мүшелерінен де жауап алынды. Продюсер мен күйеуінің арасындағы жанжал осы сапардан кейін болған. Баян Мақсатқызының айтуынша, ол әуежайда таксиге отырған соң, кенеттен көлікке күйеуі кіріп отырған. Содан олар сонда сөзге келген. Бақытбек Есентаев әйелін аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Ота жасатқан Баян Мақсатқызы кейіннен тегін де өзгертті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қазан 2016, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.