Атырау, 16 сәуір 10:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Палуандардың мықты ізбасарлары өсіп келеді

2 756 просмотра

Еркін күрес - бұл жүздеген атыраулық жеткіншектердің сүйіп айналысатын спорт түрі. Еркін күреспен айналысатын атыраулық спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктері қандай? Біз облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Аслан ЖАМАНБАЕВПЕН (суретте) әңгіме қозғамақпыз.

– Біздің спортшылар тұрақты өнер көрсетіп келеді. Жергілікті бюджеттің қаржыландыруының арқасында команда күнтізбелік жоспардағы жарыстардың бірде-бірінен қалыс қалған емес. Қаңтарда Таразда ересектер арасында өткен ел чемионатында 86 келіге дейінгі салмақта белдескен Ислам Азизов «күміс» медальға ие болды.

Наурыз айында 1996-98 ж. т. жастар арасында Петропавлда өткен Қазақстан чемионатында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдын Тәжіғали чемпион атанды, ал 74 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Жақсылық «қоланы» еншіледі. Бір айдан соң Айдын Румынияда болған халықаралық турнирде екінші орынды жеңіп алды, ал Сұлтан тағы да қола жүлдегер болды.

Мамырда Түркияда ересектер арасында өткен халықаралық турнирде Азамат Өміржанов 70 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Маусымда Маниладағы жастар арасындағы Азия чемпионатында төртінші орынды иеленді. Сондай-ақ, сол кезде Талдықорғанда 1998-99 ж.т. жасөспірімдер арасында болған Қазақстан чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта Сырбас Талғат чемпион болды. Алайда, шілдеде Қытайдың Тайпее қаласында кадеттер арасында өткен Азия чемпионатында ол екінші айналымда ұтылып, медаль үшін болған сайысқа қатыса алмады. Таразда шілде айында Қазақстанның мектеп оқушыларының спартакиадасы өтті. 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер санаты бойынша 85 келіге дейінгі салмақта «алтынды» біздің тәрбиеленушіміз Абай Лұқпанұлы қанжығасына байлады. Осы қалада тамызда өткен 1999-2000 ж. т. жасөспірімдер арасында өткен Қазақстанның ауылдық ойындарында Бекзат Жалғасов 69 келіге дейінгі салмақта белдесіп, «күмісті» иеленді. Көріп отырғандарыңыздай, облыс құрамасында бақ сынап жүрген ересек палуандардың мықты ізбасарлары өсіп келеді.

Қыркүйек айында Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровті еске алу құрметіне орай Қарағандыда өткен халықаралық турнирде Өміржанов үшінші орынды жеңіп алды. Ал Талдықорғанда Социалистік Еңбек Ері Злиха Тамшыбаеваны еске алу құрметіне орай өткен республикалық турнирде біздің оғландар бір «алтын», екі «қола» медальды еншіледі. 70 келіге дейінгі салмақта турнирдің жеңімпазы Жақсылық болды, ол Қазақстан спорт шеберлігі нормативін орындады. Осы салмақ дәрежесінде Тәжіғали қола медальды иеленді. Дәл осындай нәтижені 97 келіге дейінгі салмақта белдескен Дулат Аханов та көрсете білді. Айта кету керек, осы «ересектер» турнирінде облыс құрамасында жастар сынға түсті. Жақында ғана Алматыда спорт интернаттары тәрбиеленушілерінің арасында өткен ел чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Жалғасов чемпион атанды.

Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Шымкенттегі қазан айында болатын Сабыр Рахимовты еске алу құрметіне арналған шеберлік турниріне дайындалып жатырмыз. Ересек құрам жақында Таразда Қазақстан спорттық жекпе-жек және спорттың күш қолданатын түрлері бойынша өтетін Конфедерация кубогіне дайындалуда. Ал қараша айында Өскеменде 2000-01 ж. т. кіші жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталады. 18-20 қарашада осы жас санатындағы палуандар Атырауда өтетін Тұрлан Нұрмұхановты еске алуға арналған 5-ші дәстүрлі халықаралық турнирге қатысатын болады. Осы жастағы балалар арасында өсіп келе жатқан спорт шеберлері бар, біз олардың үмітімізді ақтайтынына сенеміз, олар Абай Лұқпанұлы, Сырбас Талғат, Бекзат Жалғасов, Әлфараби Ақжігітов, Мейірбек Сатаев, Айдос Қизатов және басқалар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.