Атырау, 16 сәуір 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Бруцеллез көбейген

2 951 просмотра

Индер ауданында бруцеллез ауруын жұқтырған адамдар саны өсіп отыр.

Өткен жылы 33 адам бруцеллез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылса, солардың тек 12-сіне ғана бруцеллез диагнозы қойылған. Ал биыл бруцеллез жұқтырды деген күдікпен 37 адам есепке алынып отыр, солардың 17-сі бруцеллез дертін жұқтырған болып шықты. Қазір бәрі де ауруханаға жатқызылып, дәрігердің бақылауына алынған.

Жергілікті тұрғындар аурудың қорасында малы жоқ адамдарға да жұғуын түсінбей отыр. Санэпидстанцияның қызметкерлері болса, ауру жұқтырғандар ауру малдың еті мен сүтінен жасалған өнімдерді тұтынған болуы мүмкін дейді. Аудандағы санэпидемиологтар мен ветеринарлар қазір көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы дерек бойынша, ауданда мал арасында да бруцеллез ауруы өсіп отырғанын көрсетіп отыр. Биыл тамыз айындағы мәлімет бойынша, ауданда 158 қой-ешкі, үш бас ірі қара бруцеллезге шалдыққан. Өткен жылы 143 қой-ешкі мен 11 ірі қара мал жұқтырған болатын.

- Біз ауру малды бірден жоюға тырысамыз. Қой-ешкілердің еті шұжық өңдеу цехына жөнелтіледі. Ауру малдардың өтемақысы уақытылы төленіп отыр. Күні бүгінге дейін 1 млн 447 мың теңге өтемақы төленген, - дейді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.