Атырау, 20 сәуір 04:25
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ермекбаев: Салафизмге тыйым салуды қарастырып жатырмыз

2 062 просмотра

Жаңадан құрылған дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев салафизм - "Қазақстан үшін деструктивті қаупі басым діни ағым" екенін, министрлік қазір оған заңмен тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Астанада өткен брифингте Ермекбаев қоғамда салафизмге тыйым салуды қолдайтын да, қарсы да пікірлер барын, миинстрлік бұл мәселені басқа да мемлекеттік органдармен тыңғылықты зерттеп жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда қазірге дейін 23 террористік және экстремистік ұйымға тыйым салынған және олардың арасында салафилік бағыттағы экстремистік ұйым да бар.

"Салафизмнің ұйым емес, діни ағым, көзқарастар жүйесі екенін ескеру керек. Қолданыстағы заңдар қазірдің өзінде заңсыз үгіт-насихат жүргізу, заңсыз діни жиын өткізудің жолын кесіп, радикалдық діни әдебиеттердің таралуына жол бермейді. Салафизмге келсек, шариғатқа негізделген кейбір елдерде салафизмге жақын діни ағым дәстүрлі дін ретінде қызмет ете береді. Ал Қазақстандағы кейбір белгілі теологтар мен сарапшылар салафизмнің еліміз үшін деструктивті қаупі бар деген пікірді ұстанады" деді Ермекбаев.

Исламның салафилік бағытының қаупі туралы мәселе Қазақстанда биыл жазда Ақтөбе мен Алматыда облған шабуылдардан кейін көтеріле бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі шабуылды "дәстүрлі емес салафизм діни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористік шабуылы" деп атаған.

Дереккөз: Аzattyq.org


14 қазан 2016, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.