Атырау, 28 наурыз 18:44
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

AI Астананы Боқаев пен Аян сотында өз міндеттемелерін орындауға шақырды

3 096 просмотра

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Атыраула белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісін қарауда "сот процесін әділ өткізудің халықаралық барлық талаптары толықтай сақталатынынан" үмітті екенін білдірді. Лондонда орналасқан Amnest International бұл мәлімдемесін Атырауда Боқаев пен Аянның ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өткен 12 қазан күні жариялады,- деп хабарлады Азаттық.

"Атырау қалалық сотының шешімінің Қазақстанның елдегі негізгі құқықтар мен еркіндіктерді қорғау және сақтау саласында өзіне алған міндеттемелерін орындауы тұрғысынан алғандағы маңызы зор болмақ" делінген Amnest International мәлімдемесінде.

Макс Боқаев пен Талғат Аян 24 сәуір күні Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингтен соң қамауға алынған. Макс Боқаев пен Талғат Аянға бірқатар қылмыстық баптар (соның ішінде "алауыздық тудыру", "заңсыз митинг ұйымдастыру") бойынша айыптары тағылған. Азаматтық белсенділер бұл айыптардың ешқайсысын мойындаған жоқ. Қамаудағы Макс Боқаевтың туыстары оның денсаулығына алаңдайды.

Бұған дейін Amnesty International Қазақстан билігін Боқаев пен Аянды қамаудан босатуға шақырған.

10 қазанда Human Rights Watch халықаралық ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша зерттеушісі "Макс Боқаев пен Талғат Аян қарсылық білдіру құқығын пайдаланғаны үшін де, өзгелерді қарсылық білдіруге шақырғаны үшін де қамалмауы тиіс. Үкімет саясатына қарсылығын білдіру - қылмыс емес" деп мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 қазан 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.