Атырау, 20 сәуір 09:37
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 008 просмотра

Панкратион

Тбилисиде панкратионнан әлем чемпионаты өтті.

Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын, төрт күміс, екі қола медаль салынды. Бұл командалық есеп бойынша үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша атыраулық спортшы Лев Винс, ал 100 келіден жоғары салмақта павлодарлық Шыңғыс Қыдырманов әлем чемпионы атанды.

***

Бокс

Ақтауда қазақтың әуесқой боксының негізін салушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алу құрметіне орай халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстан, Белоруссия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан келген 118 спортшы қатысты. Атырау облысы құрамасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Досмағамбетов ерекше көзге түсті. Ол төрт жекпе-жекте де жеңіске жетіп, финалда өзбекстандық спортшы Степан Портновтан ұтылды. Нәтижесінде «күміс» медальға ие болды.

***

Жүгіру

Дене тәрбиесін дамыту аумақтық орталығының бастамасымен облыстың мектеп және колледж оқушылары арасында Жайық өзенінің жағалауында «Күзгі кросс» өткізілді.

3 шақырымға дейін жүгіруге шамамен 150 адам қатысты. Жүлделі орындарға: 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында - Диас Құсайын (Махамбет), Диас Шарипов (Индер), Бекзат Дүйсенов (Индер ауданы), қыздар арасында - Аругүл Тұрсынғалиева (Индер), Дильназ Әбдіразақова, Диана Толстова (екеуі де Атыраудан); 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында - Аймат Жұмаев, Бектұрған Қасанғалиев (екеуі де Атыраудан), Арат Амандық (Мақат), қыздар - Айна Мақсотова (Атырау), Арайлым Қамарова (Махамбет), Ұлжан Қайыржановалар (Индер) ие болды. Жеке жүлделер жүгіруге белсене қатысқан Нұртілеу Ибрашов (Индер), Элона Суркова, Эрнит Швару және Диана Мұхамбеттерге (үшеуі де Атыраудан) табыс етілді.

***

Бұқаралық спорт

«Динамо» спорт кешенінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша облыстың іріктеу чемпионаты болды.

Өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанғандар: 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша - Ерболат Онаев, 60 келіге дейінгі салмақта - Әбілхайыр Орақ, 65 келіге дейінгі салмақта - Еділ Берденов, 70 келіге дейінгі салмақта - Айбек Ерғалиев, 75 келіге дейінгі салмақта - Ақнұр Тасмағамбетов, 80 келіге дейінгі салмақта - Нұрбол Сайлаубек, 85 келіге дейінгі салмақта - Сұңғат Қайыров, 90 келіге дейінгі салмақта – Нұрлыбек Қатапов, 90 келіден жоғары салмақта - Данияр Аманқұлов. Жекпе-жектерге джиу-джитсудан ҚР спорт шеберлері Бек Насихатов пен Қанат Әшімов төрешілік етті.

***

Спартакиадалар

«АМӨЗ» ЖШС-нің волейболдан ерлер командасы облыстық кәсіподақ орталығы еңбек күніне орай ұйымдастырған спартакиадада бірінші орынды жеңіп алды.

Зауыттың волейболшылары барлық матчта жеңіске жетті. Команда құрамында Данияр және Әнуар Шеркешбаевтар, Ержан Жұмабеков, Құмар Хасанов және Аслан Мусановтар өз шеберліктерімен көзге түсті. Ал шахматтан өткен жарыста қоймашы Гүлнұр Төлеуова мен электр дәнекерлеуші Ильяс Қалмурзиевтер жүлделі орындарды иеленді.

13 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.