Атырау, 29 наурыз 10:26
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қ. Бозымбаев: Салық жүктемесін төмендету шаралары мұнай сервисінің әрі қарай дамуына серпін береді

1 943 просмотра

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтыАстана. 10 қазан. ҚазТАГ - ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев (суретте) ҚР Үкіметі отырысы кезінде Қазақстанда қабылданып жатқан салық жүктемесін төмендету бойынша бірқатар шаралар мұнай сервисін одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты, деп хабарлады ҚО үкіметінің ресми сайты.

«Мұнай сервисі жұмыстарын белсендіру үшін жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тартуды ынталандыру қажет. Осы мақсатта министрлігіміз ҚР ҰЭМ жанындағы жұмыс тобының құрамында теңіз жобаларының салықтық жүктемесін оңтайландыру, бір заңды тұлға аясында барлау мен кен алу келісімшарттары арасындағы салық «шекарасын жоюдың» мүмкін тетіктерін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кен орындары бойынша күші бар келісімшарттарға сәйкес кен алу көлемін арттыру және жаңа кен орындары бойынша г� �ологиялық барлау жұмыстарын белсендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Қ. Бозымбаев.

Министр салық жүктемесін төмендету бойынша аталған шаралар мұнай сервисін дамытуға серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Қ. Бозымбаев саладағы құлдырауға қарамастан, министрлік отандық мұнай сервисі компанияларын мұнай газ саласындағы ірі жобаларға тарту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын атап өтті. Бұл қазақстандық жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуына, елімізге инвестициялардың тартылуына, қазақстандық сервистік компаниялардың кен орындарын игерудің барлық кезеңдеріне қатысуына, бәсекеге қабілетті қазақстандық мұнай сервисі компанияларының пулын құруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 қазан 2016, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.