Атырау, 28 наурыз 23:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы көз жұмды

1 567 просмотра

Фото: SputnikСҚО облыстық балалар ауруханасында саңырауқұлақтан уланған екі қыз көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі бас дәрігер Олег Завьяловқа сілтеме жасап.

2-қазанда облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданынан тағамнан уланған 5, 8, және 12 жастағы балалар жеткізілді. Қыздарды жан сақтау бөліміне жатқызды.

«Ауруханаға түскенде қыздардың барлығының жағдайы ауыр болды. Дереу интенсивті терапия жүргізілді. Қан орталығынан көп плазма жеткізілді. Тәулігіне әр науқасқа 1-2 литр плазма жұмсалды. Бактерияға қарсы терапия жүргізілді. Қыздар жан сақтау бөліміне түскеннен-ақ дәрігерлердің консилиумы өтті. Республикалық санитарлық авиация желісі бойынша реаниматолог пен Қазақстанның бас токсикологы шақырылды», - деді Олег Завьялов.

Науқастарда өкпе және бүйрек ақаулары пайда бола бастады. Балаларды өкпенің жасанды вентиляциясына көшірді. Апалы-сіңлілердің ең кішісі - 5 жасар Олеся 5 қазанда, 8 жасар Ксения 9 қазанда және 12 жастағы Татьяна 10 қазанда қаза тапты. Қыздардың анасы үшінші қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде ажал құшты.

Дереккөз: Іnform.kz

10 қазан 2016, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.