Атырау, 27 мамыр 18:36
Түнде ашық+12, таңертең +20
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Отандық фильмге апарар ұзақ жол

8 қазан 2016 12:22

Атыраудың көптеген тұрғындары жаңа картина - «Анаға апарар жол» отандық фильмінің көрсетілімінің уақыт кестесімен келіспейді. Режиссер Ақан САТАЕВТЫҢ ауқымды фильмінің премьерасы мұнайлы астанада бір аптадан аса уақыт бұрын өткенімен, сеанстар қала тұрғындары үшін қолайсыз уақыттарға қойылған (12.50, 23.45).

Ал бейсенбі күні күндізгі сеансты қаладағы жалғыз кинотеатрының әкімшілігі мүлдем сызып тастапты. Осыдан соң «АЖ»-ға оқырмандар хабарласа бастады: «Біз өзіміздің отандық киномызды көргіміз келеді, ал оны түн ортасындағы уақытқа қояды. Ал, шетелдік блокбастерлерді тәулік бойына айналдыруға бар».

Біз кинотеатрдың басшылығымен байланысқа шықтық. Олар да бұдан хабардар болып шықты және дүйсенбіден бастап «Анаға апарар жол» фильмін көрермендер үшін әлдеқайда қолайлы уақытқа қоятынына уәде берді.

Марат ТАКУЛИН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1787 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​«Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда бас жүлдені иеленді   520 рет қаралды

Орталыққа барар ұзақ жол  1065 рет қаралды

Мешітке апарар жол  1364 рет қаралды

Дауды шешер жол қайда?  1558 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8