Атырау, 19 сәуір 16:22
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жаңа бас хатшының кандидатурасын бекітті

2 005 просмотра

Фото: AFPБҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутеррештің (суретте) ұйымның бас хатшылығына кандидатурасын бірауыздан мақұлдап, оны БҰҰ Бас ассамблеясының бекітуіне ұсынды,- деп хабарлады Азаттық.

Егер Бас ассамблея Гутеррешті қолдап дауыс берсе, онда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунды алмастырады. Бес жыл өкілетті мерзімі аяқталатын Пан Ги Мун Гутеррешті "тамаша кандидат" деп атаған.

"Қазіргі шиеленісті күрделі кезеңде бізге қандай салмақ түсіп отырғанын түсініп отырмын. Бірақ бұл мойынсұну сезімі бізден соғыс пен терроризмнен, кедейлік пен әділетсіздіктен қажығандарға көмек қолымызды созуды талап етеді" деді Гутеррештің Лиссабонда таратқан мәлімдемесінде.

Антонио Гутерреш 1995-2002 жылдары Португалия премьер-министрі болып, 2005-2015 жылдары БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасын басқарған.

"Ол - бір жағынан ірі саясаткер, екінші жағынан БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасының жетекшісі ретінде халықаралық ұйымда жұмыс істеу тәжірибесінен өткен және қарулы қақтығыстардың гуманитарлық салдарын жақсы біледі" деді Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин.

АҚШ, Ұлыбритания, Франция делегацияларының басшылары да Гутерриш туралы жақсы пікір білдірді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр "Гутерриш әлемдік асқынған проблемаларды шеше алатынын ісімен көрсетіп, онысы үшін әлемнің барлық жерінде құрметке ие болды" деп мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшылығына 12 кандидат таласқан. Олардың кейбірі БҰҰ-ны Сириядағы қақтығысты шешуде сылбырлық танытты, Эбола вирусымен күресте белсенді болмады деп сынаса, кейбірі ұйымды түбірімен реформалауды ұсынды.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 қазан 2016, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.