Атырау, 23 сәуір 12:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ең соңғы күн

2 744 просмотра

Міне, мынаны жасауың керек, әйтпесе айыппұл салады деп айтса, сен барасың да соны жасайсың, басқаша қалай болады? Барлығына, тіпті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне де 1 қазанға дейінгі мерзімде бос орындар мен болжамды жұмыс орындары туралы есеп тапсыру керектігін білгенде, оны тапсыруға жүгіріп кеттім: 21 мыңнан астам теңге (айыппұл сомасы) аз ақша емес.

Толтырылған есеп бланкісі тапсырылатын қалалық жұмыспен қамту бөлімі ғимаратының алдында адамдар сабылып жүр.

- Есепті қайда тапсыру керек? – деп сұрап жатты бірі.

- Әнеу жерге барсаңыз, сол жерден білесіз, - деп екіншілері кіретін есікті көрсетті.

Дәліздегі шағын үстелде есеп бланкісін толтырып жатқан адамдар маған 11-кабинетке баруға кеңес берді. Ол жерге барғанда еріксіз сол жақ көзім тартып кетті: шағын орынжай лық толы екен. Көз салған соң бұл адамдардың бланкі толтырып жатқанын түсіндім. Бірақ, менде өзіммен бірге ғаламтордан алынған дайын, басылып, толтырылған бланкі бар еді (айтпақшы, ғаламтор пайдаланатындар немесе әлі білмейтіндер үшін: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013967 либо http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013967, сол жерде нысанның өзі де, оған түсіндірме де берілген). Сондықтан есеп қабылдайтын жерге – кеңседегі екі терезенің біріне асықтым. Ол жерде шағын кезек бар екен. Алдымда он шақты адам тұр. Күтіп тұрмыз. Кезекке жаңа есеп тапсырушылар легі келуде.

Сол кезде ішке орта жастардағы бес әйел кіріп келді. Олар да бланкі іздеді. Кеңседегі қыз (айтпақшы, ол сол күні есепті бір өзі қабылдады) бір терезеден екіншісіне өтіп, әйелдерге қалам мен журналды ұсынды:

- Өздеріңіздің электронды пошталарыңызды жазыңыздар, сіздерге жолдаймыз.

Осы кезде әрбір бесінші әйелдің сол жақ көздері тартып кетті. Олардың абыржып қалғандары көрініп тұр. Шамасы, электронды пошталары жоқ болса керек.

…Кезекте тұрғандардың бірі терезеге жақындап барып, пакетінен бір бума қағаз парақтарын шығарды. Оның артында тұрған бәріміз ойша уһілеп қалдық. Ал ол ойымызды оқып қойған секілді, ақталғандай:

- Әріптестерім осы жерге келетінімді білгенде тапсыруды өтініп еді. Бұл жерде 50 шақты ЖК бар, тез тапсыра қоямын ғой, - деді.

Ол қағаздарын тапсырып болған соң біз жеңілдеп қалдық. Енді менен кейін тұрған жігіт:

- Осылай да табыс табуға болады. Егер есепті өзі тапсырғысы келмегендерден мың теңгеден алса, 50 ЖК – 50 мың теңге болады! – деді.

- Мұндай дүрбелең тек біздің Атырауда ғана болып жатыр, - деді бір ер адам ренішті кейіпте. – Оны бәріне тапсырудың не қажеті бар? Егер таксиші болсам, менде қандай бос жұмыс орны болуы мүмкін? Маған бос бағандарды тапсыру үшін уақыт жұмсаудың не қажеті бар? Сандырақ!

- Айыппұлдар әлі белгісіз нәрсе дейді ғой, - деді жаңадан жақындап келген әйел әңгімені жалғастырып. – Бұл бұйрыққа министр әлі қол қоймаған көрінеді. Ал алдын ала сақтық жасап жүру біздікілердің әдеттері ғой.

Менің кезегім жеткен кезде көзімнің қиығымен кеңсе ішінде үйілген есеп бланкілерінің көптігін байқадым. «Осының бәрін анықтап, талдап, әлдебір базаға енгізетін біреу бола ма екен? - деп ойладым. - Бұл жерде әжептәуір макулатура жиналатын болды... Оны тапсырған кезде жақсы табыс табуға болады... Дегенмен, олай емес. Ол үшін көп бермейді».

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

6 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.