Атырау, 20 сәуір 17:30
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қала күні қалай өтеді?

5 191 просмотра

Биыл 8 қазанда атап өтілетін Қала күніне орай Атырау қаласының әкімдігі мазмұнды бағдарлама әзірледі.

3 қазанда сағат 16.00-де «Жастар» Мәдениет үйінде жергілікті композиторлар мен «Әнім менің – туған жерім» авторларының әндер фестивалі өтеді. 4 қазанда сағат 21.00-де қала тұрғындары облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Менің сүйікті қалам» атты экспозицияны тамашалай алады. Тақырыптық кездесу мен «Атырау – туған өлкем» кітап көрмесі 5 қазанда сағат 10.00-де облыстық әмбебап кітапхана ғимаратында өтеді. Ал келесі күні, 6 қазанда сағат 10.00-де туған өлке тарихының білгірлері №5 қалалық кітапханада өтетін «Гүлденіп, көркейе бер Атырауым!» атты викторинада өз бақтарын сынай алады. Жұма күні, 7 қазанда сағат 15.00-де «Көңілділер мен тапқырлар клубының» әуесқойларын жағымды тосын сый күтіп тұр - Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау қаласы әкімінің кубогының жүлдесі үшін ойын өтеді. Шара қонағы – «Аралас» командасының капитаны Ғалым Махамбетов. Сол күні кешке сағат 20.00-де Исатай мен Махамбет алаңында қала тұрғындары жергілікті жас орындаушылардың қатысуымен мерекелік концертті тамашалай алады.

Ең мазмұнды күн 8 қазан болмақ. Таңертеңгі сағат 10-да веложорық, жеңіл атлетикалық кросс және байдаркамен және каноэмен ашық сайыс жоспарланған. Қатысушыларды тіркеу орталық көпір жанындағы Бейбарыс алаңында сағат 9.00-де басталады. Сағат 11.00-де Исатай мен Махамбет алаңында негізгі шаралар – «Мұнай астанасы – гүлденген қала» атты мерекелік концерт, жергілікті өндірушілер жәрмеңкесі, суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, «Шапито» Мәскеу циркінің қойылымы, сонымен қатар қазақ күресі ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту), кір тасы спорты, армрестлингтен сайыстар басталады.

Жергілікті орындаушылар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен сағат 20.00-де С.Мұқашев атындағы алаңда (Привокзальныйдағы Арбат) «Туған өлке – алтын бесік» гала-концерті өтеді. Осы уақытта Махамбет атындағы драма театрының ғимараты алдында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Атырау – қалам!» гала-концерті өтеді. Кеш қонақтары – Төреғали Төреәлі, Кәмшат Жолдыбаева, Бейбіт Қорған, Фарида Жолдасова. Кешкі бағдарлама сағат 22.00-де С.Мұқашев алаңының, «Мұнайшы» стадионының және орталық көпір маңында мерекелік отшашулармен аяқталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
4 қазан 2016, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.