Атырау, 25 сәуір 22:43
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"«Қазақтың тiлi ғылым тiлiне айналсын» дейтiн мақсат қоюымыз керек", "Ресей ЕАЭО-ға бірыңғай «жол картасын» ұсыну арқылы нені қалап отыр?", "Ел тыныштығын бұзғысы келетін казакты өзім ұстап беремін", "Өзбектің алтыны өзгелерге бұйыра ма?"

2 100 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мақтаралда оқушылар мақта теріп жүр" - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы мақта алқаптарында мектеп оқушылары мақта жинап жүр. Ата-аналар балаларының мақта жинағанын «көмек» деп біледі. Ал облыстық прокуратура жыл басынан бері бала еңбегін пайдалану дерегі тіркелмегенін айтады.

"Комиссия: "Ұшақты атқан зымыран - Ресейден"" - Халықаралық тексеру тобы 2014 жылы малайзиялық ұшаққа зымыран атылған жерді анықтап, зымыран атқыш "Бук" кешені Ресейден келгенін хабарлады. Ресей тексеруден "саяси реңк" көреді.

ZHASALASH.KZ. "«Қазақтың тiлi ғылым тiлiне айналсын» дейтiн мақсат қоюымыз керек" - Биылғы оқу жылынан бастап елiмiздiң бүкiл мектептерiнде жүзеге асырыла бастаған үштiлдi бiлiм беру жүйесi қоғамда әлi де қызу талқылану үстiнде. Зиялы қауым өкiлдерi, ұстаздар мен ата-аналар бұған қатты алаңдаушылық бiлдiруде. Мұның мәнiсi – iске аса қалған жағдайда аталған жобаның ұзақ мерзiм бойы жалпы мемлекеттiк сипат алатындығында. Көзiқарақты жұртшылық сырт көзге игi болып көрiнген бұл бастама қазақ тiлiнiң болашағына балта шабуы мүмкiн екндiгiн айтып, дабыл қағуда. Оның салдары бүкiл ел, әсiресе, өсiп келе жатқан ұрпақ үшiн үлкен келеңсiздiктерге апарып соқтыруы ықтимал.

ҚАЗТАГ. "Ресей ЕАЭО-ға бірыңғай «жол картасын» ұсыну арқылы нені қалап отыр?" - Ресейдің Ұлттық төлем картасы жүйесі (ТКҰЖ) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы төлем саласында алыс мақсатты көздеген өте шамшыл жобаны ұсынып отыр. Ұйым ЕАЭО елдерінде бірыңғай картаны енгізуді ұсынуда. Басында ол одаққа мүше кез келген елде банкоматтардан нақты ақша алуға пайдаланылады, ал алыс келешекте бұл қадам бірыңғай еуразиялық төлем кеңістігін қалыптастыру үшін негіз болады деп болжанып отыр.

"Мұнай мен теңге: бүгінгі желсіз тыныштықтан ертеңгі дауылға ма?" - Соңғы кездері мұнай нарығындағы оқиғалар күрт дамып, сырт қарағанда көңілге үміт оятатындай. Бұл Қазақстан экономикасының жақын келешегіне үмітпен қарауға себеп береді. Бірақ мұнай нарығында «қара алтынның» бағасында түбегейлі бетбұрыс болды деуге әлі ерте. Сол сияқты Қазақстан шаруашылық жүйесі де толық қалпына келіп, ұлттық валюта күшті күшейе қояды деп күту де ерте.

TENGRINEWS.KZ. "Жаңа жүйе бойынша көлікті қалай тіркейміз?" - Қазақстанда 26 қыркүйектен бастап көлік құралдарын эксаумақтық қағидат бойынша мемлекеттік тіркеу басталды. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметіне сай, енді арнайы ХҚКО-да иесінің тұрғылықты жері бойынша қайда тіркелгеніне қарамастан, кез келген аймақтың көлігін тіркеуге болады. Яғни, сіз Қостанайда тіркеудесіз делік, ал көлікті Астанадан сатып алған болсаңыз, көлікті бірден Астананың өзінде тіркеуге болады. Біз тіркеу ретін толық анықтамақпыз, оған қанша уақыт кетеді және жүргізушіге қандай құжаттар қажет?

BAQ.KZ. "Қазақ Еліне оқуға келетін қандастар неге азайып кетті?" - Елімізде жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге бөлінетін 35 мың гранттың 2 пайызы шетелден келетін талапкерлерге беріліп келеді. Алайда өткен жылы жоспарланған 700 гранттың орнына 2 мың, ал биыл небәрі 1 мың үміткер құжат тапсырыпты. Яғни, шетелдегі қандастарға арналған гранттарды иеленуге деген бәсекелестік төмендеген.

ABAI.KZ. "Ел тыныштығын бұзғысы келетін казакты өзім ұстап беремін" - Қазақ жерінде осы күні бірнеше диаспора өкілдерінің өмір сүріп жатқаны белгілі. Олардың бірсыпырасы еліміздегі ұлттар арасындағы татулықты сақтауға елеулі үлес қосып жүргені де рас. Дегенмен, бүйректен сирақ шығарып, берісі этникааралық, арғысы мемлекетаралық дауды қоздырғысы келетіндері де жоқ емес.

"Ұлттық мүддеге бет бұрсақ, ауқатты қандастар елімізге ағылар еді" - Қазақстан Республикасының «Халықтық көші-қон туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп осы саладағы біраз өзекті мәселелерді ретке келтіргенін жұртшылық біледі. Алайда бұл оралманға қатысты барлық түйткілдер толық шешім тапты деген сөз емес. Көші-қон заңына соңғы 5 жылда бірнеше дүркін өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазір оралман ҚР-ның азаматтығын алуға 3 айдан 1 жылға дейін уақытта қол жеткізе алатын болды. Оралмандардың қоныстану өңірлері белгіленді, оларға Үкімет, жергілікті билік тарапынан көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктер пакетін нақтыланды.

TURKYSTAN.KZ. "Өзбектің алтыны өзгелерге бұйыра ма?" - Өзбекстан – Орталық Азияда өз орны бар мемлекет. Аймақта халқының саны жөнінен бірінші орында тұрса, экономикалық дамуы жөнінен де артта емес. Саяси ұстанымдарына байланысты әлемдік экономикалық үдерістерден тысқары, оқшаулау – өзіндік даму жолымен ерекшеленеді демесек, бұл елдің жерінде табиғи ресурстар мол. Атап айтар болсақ, бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74 пайызы Өзбекстанның үлесінде. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4-орынды иеленсе, жез қоры бойынша 11, уран қоры бойынша 8- орында. Ал мақта дақылын өсіруден әлемде 5-орында, сондай-ақ оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Демек, әлемдік экономикада өзінің лайықты орны бар деген сөз.

"Борышкерді бопсалайтын өктем коллекторлар" - Бүгінде несиенің көмегіне жүгінбейтін жандардың қатары аз. Олардың арасында алған несиесін қайтара алмай қиналып жүргендер қаншама. Мұндай тұтынушылардан қарызын өндіріп алу үшін банктер де қарап қалмайтыны белгілі. Ал қарызын қайтармаған азаматтарға банк қызметкерлерінің шама-шарқы жетпесе, бұл жұмысты әрі қарай коллекторлар жалғастырады. Қазір депутаттар «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын талқылау үстінде. Бірақ біздің елде бұл қызмет туралы толыққанды түсінік қалыптасып үлгермеді.






29 қыркүйек 2016, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.