Атырау, 20 сәуір 17:20
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сейтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзі биліктің өз ішіндегі саяси үдерістерге түрткі болуы әбден мүмкін – саясаткер

2 588 просмотра

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың соттағы сөйлеген соңғы сөзі биліктің өз ішіндегі кейбір саяси процестерге ұйытқы болуы әбден мүмкін, деп есептейді саясаткер және публицист Әміржан Қосанов (суретте).

«Иә, әрине, Матаевтың соңғы сөздері сенсация болды. Ол назар аудартты, жұртшылық сот процесінің барлық шырғалаңдарынан хабардар болып отырғанымен бірақ соңғы айтылған сөз бөлек тұр, себебі онда тұңғыш рет билік басындағы шенеуніктердің аттары аталып отыр. (...) Соңғы сөз жағдайды күрт өзгертеді. Ол тіпті биліктің өз ішіндегі кейбір саяси үдерістерге ұйытқы болуы да мүмкін», - деді Ә. Қосанов сәрсенбі күні Zonakz интернет порталына берген сұхбатында.

Бұл ретте саясаткер, С. Матаев соңғы сөзінде келтірген деректерді тексеру үшін тәуелсіз комиссия құру қажеттігін атап өтті.

«Мен қазір желіде айтылған идеяны қолдаймын. Әр түрлі адамдар, дәл сол Матаевтың соңғы сөзінде айтылған фактілерді тексеру жөнінде тәуелсіз комиссия құру керектігін айтып жатыр. Мен, Матаев, биліктің қалай жұмыс атқарып жатқандығын ішінен түсінетін, билікке жылы көзбен қарайтын адам ретінде, көңілінде оның және оның ұлының сот процесінде айтқан сенімді уәждері қандай да болмасын әділдік орнықтырар деген үміті болды деп есептеймін. Және оған сұрап отырғандай, қатаң жаза болмас деп есептеймін», - деп түсіндірді Ә. Қосанов.

Оның айтуынша, ондай комиссияның құрылуына мемлекет басшысы мүдделі болуы керек.

«Мен ойлаймын, ондай комиссия жақында жұмысқа кірісуі керек және оған президенттің өзі мүдделі болуы керек, себебі: а) әңгіме оның әкімшілігінің бұрынғы басшысы туралы болып отыр; б) әңгіме, осы уақытқа дейін Назарбаев туралы жаман сөз айтпаған, оның бірінші баспасөз хатшысы туралы болып отыр. Керісінше, Сейтқазы, ұлттық баспасөз клубын құру туралы президенттің тапсырмасы болғанын, ақпараттық инфрақұрылымды құру туралы президенттің тапсырмасы болғаны туралы айтты. Сондықтан мен ойлаймын, қазір ең бірінші мүдделі адам - президенттің � �зі болуы керек деп», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, сот процесі «әкесі мен ұлына қатысты дәлелсіз» болды, ал қазіргі сот жүйесі өзінің бағынышты екендігін көрсетті.

«Бірақ сонымен қатар біз бағынышты сот жүйесінің қазіргі жағдайын да түсінеміз. Біз аудандық соттың судясы бізде, Қазақстанда (сот отырысына – ҚазТАГ) мәжіліс өкілін, аудан әкімін шақыра алмайтынын түсінеміз. Сондықтан мен Сейтқазы Матаевтың бұндай қадамын ақтауға тұрарлық деп санаймын. Ол прокурор 6,5 жыл талап еткеннен кейін айтылды. Ешкім де Матаев секілді заңмен жүретін парасатты адам, сондай қатал жазаға лайық деп күтпеген еді», - деп атап өтті А. Қосанов.

Соңында А.Қосанов ақпарат жүйесінде қазіргі таңда жүргізіліп отырған мемсатып алу саясатын түсіндіріп кетті.

«Мен жақында ақпарат және коммуникация саласындағы заңға ақпарат және коммуникация министрлігі ұсынған өзгерістермен таныстым, онда бірқатар жағымды сәттер бар, дегенмен мемлекеттік сатып алу талаптарын орындау барысында журналист заң алдында таза болатындай, мемсатып алу құрылымын түбегейлі қарастыру деген жоқ. Ондай шешімсіз домокл семсері матаевтық семсерге айналды. Және матаевтық семсер керексіз болған, кешіріңіз, әкімшіліктің кезекті басшысына, премьерге немесе қаржы полициясына керексіз болған әр БАҚ бас редакторының тө бесінде ілулі тұрады», - деді саясаткер.

Еске салсақ, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісін қарау Астанада 23 тамызда басталды. Мемлекеттік айыптаушы соттан Сейтқазы Матаевты 6 жыл 8 айға, Әсет Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Матаевтардың үкімі 3 қазанда жариялады...

Дереккөз: ҚазТАГ

29 қыркүйек 2016, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.