Атырау, 19 сәуір 09:58
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақтөбеге Астанадан діни ахуал мәселесімен айналысатын топ барды

2 115 просмотра

Фото: muftyat.kzБүгін Астанадан Ақтөбеге құрамында 200-ге тарта маманы бар арнайы топ келді. Бұл топ бір ай бойы Ақтөбеде болып, жеті бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның бірі - аймақтағы діни ахуалды жақсарту және құқық қорғау қызметкрелерін террорлық қауіп-қатер кезінде әрекет етуге үйрету,- деп хабарлады Азаттық.

Құрамында теологтар, имамдар, әлеуметтанушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар топқа бас прокурор Жақып Асанов жетекші болады.

"Аймақтағы соңғы трагедиялық оқиғаларды ескере отырып, террорлық қауіпке қарсы күрес бойынша ең ауқымды жұмыс жүргізіледі. Тұрғындарға теракт болу қаупі немесе оның іске асуы кезінде өзін және жақындарын қорғау бойынша негізгі ережелер түсіндіріледі. Мектептер, вокзалдар, ауруханалар қызметкерлерімен жаттығу іс-шаралары жүргізіледі" делінген бас прокуратураның мәлімдемесінде.

- Біз елбасы тапсырмасымен жерге түсіп, бір ай бойы аймақта жұмыс істеуге келдік. Астанада кабинетте отырып, елдегі ахуалды біле бермейтінімізді мойындаймыз. Бұрын сырттан келген террористерден қорқушы едік, қазір олар арамыздан шығып жатыр. Бұл - елдің берекесін алып, мазасын қашырады. Не жұмысын, не бизнесін жасай алмай, қауіп қашан басылады деп жұрт үйінде тығылып отырады. Мұндай теріс идеологиямен күрес - құқық қорғау органдарының ғана емес, бәріміздің міндетіміз, - деді Асанов бүгін облыс автивімен кездесуінде.

Ақтөбеге келген жұмыс тобы аудандарды, түрмелер мен мешіттерді аралауды да жоспарлап отыр. Бас прокурордың сөзіне қарағанда, Ақтөбеден басталған аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасы басқа да облыстарда жалғасады.

Дереккөз: Аzattyq.org

29 қыркүйек 2016, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.