Атырау, 17 сәуір 00:14
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Қапшағайда командирімен жанжалдасқан сарбаз қаза тапты

2 013 просмотра

Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде бөлім командирімен жанжалдасқан сарбаз қаза таптын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2016 жылдың 28 қыркүйегінде болған. Мерзімді қызметтегі сарбаз Н.Оразғалиев пен кіші Қарушы күштерге оқудан кейін сержант болып келісімшарт бойынша қызметке келген Ж.Рамадинның арасында қақтығыс шыққан.

"Қақтығысты мерзімді қызметтегі ысылған әскер Н.Оразғалиев бастаған, ол қырсығып, бөлім командирінің, яғни келісімшарт бойынша кіші сержант Ж.Рамаданның бұйрығын орындамаған. Салдарынан Ж.Рамадан Н.Оразғалиевтің бетінен соққы жасаған. Әскери қызметкер талып қалып, Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілген, осында қайтыс болған", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша құзырлы құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 қыркүйек 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.