Атырау, 24 сәуір 01:46
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ақтөбедегі базарлардың бірінде топ болып қақтығысқан жігіттер ұсталды

2 716 просмотра

Ақтөбедегі ұжымшар базарында бірнеше ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер бір топтан құралған адамдардың төбелесін тоқтатты.

"102" пультіне ұжымшар базары аумағындағы бір топ адамның төбелес шығарайын деп жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен. Қоңыраудан соң жақын маңдағы полицейлердің құрамы жұмылған. Нәтижесінде полицейлер төбелеске төтеп бере алады. Ал күдіктілер ұсталды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адамдарды ұстау кезінде арнайы құралдар мен қарулар қолданылмаған. Сондай-ақ, ұсталған азаматтарды тексеру кезінде де суық қару мен оқ ататын қару табылмаған. Қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал қалада атыс болды делінген ақпарат расталмады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 қыркүйек 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.