Атырау, 25 сәуір 16:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мүгедектер көмекшілерінің жалақысы туралы

4 270 просмотра

Жақында Өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВА І топ мүгедектерінің жеке көмекшілерінің еңбекақыларын төлеу мәселесін қозғады.

Үш жыл бұрын мүгедектердің көмекшілерінің еңбекақыларын төлеуге қатысты мүгедектер мен қалалық жұмыспен қамту бөлімінің арасында дау туындаған еді. Олар әкімдікке, прокуратураға, қаржы полициясына жүгінді. Жергілікті шенеуніктерге сенбей, тіпті өз өкілдерін президент әкімшілігіне жолдаған болатын.

Н.Хабиеваның айтуынша, бұрын осы жұмысты ұйымдастырумен тендерлік негізде таңдалған ҮЕҰ айналысты. Алайда даулы жағдайлар үнемі туындайтындықтан осы саланы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қолға алды. Мүгедектердің жақын туыстарын олардың жеке көмекшілері ретінде ресімдейді. Өйткені олар бәрібір күтім жасау үшін өз жұмыстарынан шығуға немесе толық емес жұмыс күніне ауысуға мәжбүр болады.

- Мүгедектер сол кезде осы қызметтің мәнісін дұрыс түсінбеді. Мүгедектерге өздерінің оқуға, жұмыс жасауға, медициналық көмек алуға және басқа да құқықтарын жүзеге асыру үшін жеке көмекшілер керек болды. Бірақ бұл мүгедекке күтім жасау емес, оларды жұмысқа, дәріханаға, шаштаразға және басқа жерлерге апарып келу еді, - дейді Хабиева. – Нормативтік құжаттарда нақты жасалған уақыт үшін төленеді, алайда күніне 8 сағаттан аспау керек деп нақты көрсетілген. Нәтижесінде бүкіл көмекшілер толық жұмыс күні үшін төлем алғылары келді. Біз қарсы емеспіз, алайда бюджет қаржысының бөлінуіне бақылау жасалады және есебі ұсынылуы керек. Сондықтан қызмет көрсету есебінің табелі бекітілді. Кейде біз тексеру жүргіземіз, көп жағдайларда мүгедектер есепте көрсетілген жерлерге бармаған болып шығады. Бірақ сонда да біз олардың көмекшілеріне күніне 6-6,5 сағаттан төлеп тұрамыз. Басқа тұрақты жұмыс орны бар жеке көмекшілерге күніне 4 сағаттан аспайтын еңбекақы төленеді.

…Қазір бұл дау шешілді деп есептеймін. 2015 жылы жеке көмекшілер қызметін 243 мүгедек пайдаланып, еңбекақы төлеуге 65 млн 898,9 мың теңге бөлінді. Биылғы жылдың сегіз айы бойынша 277 көмекшіге 60 млн 666 мың теңге төленді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.