Атырау, 19 сәуір 08:53
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Сейітқазы Матаев «қысым жасаған адамды» көрсетті", "Семейдi Ермактың «аруағы» биледi", "АҚШ «Гүлнараның миллиондарын» Өзбекстанға қайтара ма?", "Біз неге қарыз алудан шаршамаймыз?", "Орыс тілді уағыз оң нәтиже бере ме?"

2 028 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Семейдi Ермактың «аруағы» биледi" - Қыркүйек айының ортасында Семей, Өскемен және Шемонаихадағы казактар ұйымдарының өкiл­дерi жиналып, өздерi үшiн дәстүрлi мейрам – Ермак күнiн атап өтiптi. Сап болып түзiлген жас казактар Отанға, казактар дәстүрi мен православ дiнiне адал болуға ант берген. Шiркеу қызметкерлерi құлшылық жасап, Сiбiр казак әскерiнiң туын қасиеттi жәдiгердей әспеттептi. Одан әрi ұрыс кезiнде ұжымдасып соғысудың айла-тәсiлiн меңгеру секiлдi таза әскери ғұрыптарды өткiзедi. Соңында мейрамға жиналғандар Сiбiр халықтары мен қазақ елiн қан қақсатқан казак атаманы Ермактың суға кетiп өлгенiне орай Ертiске гүлшеңберлерiн ағызған. Шараға қатысқандар “Аңызға айналған ержүрек адамның рухына Семейде тағзым етуге мүмкiндiк берiлгенiне" ризашылықтарын бiлдiрiптi.

мперия шаңырағын шайқалтқан оқиға" - 2016 жылғы 23 қыркүйекте Алматыдағы Ғалымдар үйiнде “1916 жылғы ұлт-азаттық көте­рiлiс: тарихы және ақиқа­ты" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өттi.

AZATTYQ.ORG. "АҚШ «Гүлнараның миллиондарын» Өзбекстанға қайтара ма?" - Орталық Азия аймағындағы мемлекетте ұзақ жылдар билік еткен қатал басшы дүние салған соң оның отбасының да дәурені өтті. Енді өзбек элитасы билікке таласып жатыр және сарапшылар айтқандай биліктегі бұл топтар жемқорлыққа батқан бұл елдің қаржысын өздері бақылағысы келеді.

"Сейітқазы Матаев «қысым жасаған адамды» көрсетті" - «Қаржы жымқыру» және «салықтан жалтару» айыптарына іліккен әкелі-балалы Матаевтар соттағы соңғы сөздерінде «рейдерлік» туралы да айтты.

"AzattyqLIVE: Жаңа ұсыныстар цензураға ұласпай ма?" - Журналистердің жұмысына қатысты қосымша ережелердің не қажеті бар? AzattyqLIVE бұл мәселені заңгер Ольга Диденкомен талқылады.

365INFO.KZ. "Сағадиев қу екен! Қазақ тілін құртқалы жүрген министр енді неге қазақша сөйлейді?" - Шынымен де, Сағадиев қу министр екен! Қазақ тіліне қарсы реформаны қолға алған министр Үкіметте қазақша «сайрап» кетті. Бұған сену қиындау, бірақ Үкіметтің бүгінгі отырысында сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көтерген мәселесін басынан-аяғына дейін қазақша баяндап шықты.

ABAI.KZ. "Молдалар діндар ғана емес, ұлтшыл болуы керек" - Ұлттық идеология ұғымын Батыс өркениеті қабылдамайды. Батыс тек құндылықтарды қабылдайды: біздің құндылықтар – қазақ мәдениеті, қазақ тілі, қазақы исламы. Осы үш құндылық қазақтың басты приоритетті болу керек. Аталған үш басымдылық реабилитацияны қажет етеді.

"Дебат: М.Тайжан және Г.Қыстаубаев" - exclusive.kz cайты Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті, экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан мен қоғамдық белсенді Геройхан Қыстаубаевтың арасында ашық дебат өткізді. Дебаттың өтуіне Мұхтар Тайжан мен Геройхан Қыстаубаев арасында әлеуметтік желіде көптен бері дауға айналған мәселелер себеп болған. Дебатты журналист Нәзира Дәрімбет жүргізді. Жарты сағатқа созылған дебатта Мұхтар Тайжанның кәсіпкерлік саладағы кейбір істері, отбасы және оның қоғамдық істері сөз болды.

KORRESPONDENT.KZ. "Біз неге қарыз алудан шаршамаймыз?" - Таяуда Үкімет алдағы үш жылдың (2017-2019 ж.ж.) бюджетін мәжілісмендерге таныстырды. Осыған орай бірқатар халық қалаулылары өз ойларын білдіріп, сынайтын жерін сынап, жалпы алғанда, бюджет жобасын іске алғысыз етіп тастады. Бюджетті жан-жақты қарап шыққан мәжілісмендер, әсіресе, сыртқы қарыздың көлеміне таңғалды. Олардың ойынша, сыртқы қарыздардың кесірінен Қазақстан жуық арада өзінің Ұлттық қорынан айрылып қалуы мүмкін.

"Кеденшілердің «пысықтығынан» ел қазынасына ақша түспей жатыр" - Қазақстандық кеденшілер қазы-наға келіп түсетін қаржыны азайтумен әуре. Қалай дейсіз ғой? Ол жайлы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Парламент қабырғасында арнайы мәселе көтерді. Айтуынша, импортталатын тауардың кедендік құнын анықтайтын кезде баға тым қымбатқа шығатындықтан, бүгінде кәсіпкерлер өз тауарын көршілес Қырғызстан шекарасы арқылы өткізетін болған.

DALANEWS.KZ. "Ұлттық арна ұрпағымызды қызтеке қылмақ па?" - Ләйлә Сұлтанқызының “Әйел бақыты" бағдарламасын көріп жерге кіре жаздаған Моңғолиядағы қазақтар Елбасының атына хат жазыпты. Айта кетсек, әлгі бағдарламаға Ләйлә Сұлтанқызы қасы, көзі қиылған…көгілдірді шақырған-тұғын. Қазақтың табиғатына жат, болмысына бөтен дүниені көрген Моңғолиядағы бауырлар үнсіз қалуды жөн көрмепті. Олар не дейді?

QAMSHY.KZ. "Орыс тілді уағыз оң нәтиже бере ме?" - Қазіргі уақытта теріс діни ағымдардың уағыз-насихаты көбіне-көп интернет кеңістігі арқылы орыс тілді ресурстар негізінде таралатыны жасырын емес. Осыған байланысты таяуда ғана республика мешіттеріндегі жұма уағыздары мемлекеттік тілде айтылған соң еліміздің жекелеген өңірлеріндегі көпэтносты жамағаттардың өтініштеріне орай қажет болған жағдайда орыс тілінде қысқаша түсініктеме беру туралы бастама көтерілген болатын. Бұл бастама әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланғаны белгілі.

"Азық-түлік бағасы неге қымбат?" - Осыдан бірер апта бұрын Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті аймақтарда, әсіресе, Астана қаласында күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы едәуір өскенін хабарлаған болатын. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимдегі Үкімет мүшелерінің кезекті отырысында күннің басқа да өзекті мәселелерімен қатар әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының өсуін ұстап тұру бойынша шаралар да кеңінен талқыланды.





28 қыркүйек 2016, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.