Атырау, 19 сәуір 08:03
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АМӨЗ басшысы өзгерді

2 518 просмотра

27 қыркүйектен бастап «АМӨЗ» ЖШС бас директорының міндетін Ғалымжан АМАНТУРЛИН атқаруда.

АМӨЗ-дің қоғаммен байланыс бөлімі бізге хабарлағандай, «тағайындау туралы бұйрық әлі шыққан жоқ, өйткені басшылық кеше ғана өзгерген». Ал, бұл лауазымды атқарған Қайрат ОРАЗБАЕВҚА қатысты, байланыс бөліміндегілер, оның «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ департаменттерінің бірінің директоры лауазымына ауысқанын хабарлады.

Қ.Оразбаев Атырау мұнай өңдеу зауытын 2013 жылдан бастап басқарды.

Ғалымжан Амантурлин 1956 жылы Гурьев қаласында туған. 70-жылдардың басында «Гурьевнефтехимстрой» трестінде слесарь болып жұмыс істеген. 1982 жылы Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтты бітірген. 1976-1999 жылдары - оператор, аға оператор, қондырғы бастығы, цех бастығы, зауыттың бас технологы, бас директордың бірінші орынбасары, бас инженер, вице-президент, 1999-2002 жылдары - «Атырау МӨЗ» ААҚ-ның президенті болған.

2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнайды қайта өңдеу департаментінің директоры, 2009 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнайды қайта өңдеу және мұнай химия жобалары жөніндегі бас менеджері лауазымдарын атқарған. Соңғы атқарған лауазымы – «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының кеңесшісі.

Айнұр САПАРОВА

28 қыркүйек 2016, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.