Атырау, 20 сәуір 14:39
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Перуде сиқыршылық жасаған әйелді өртеп жіберді

1 657 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде дуагерлік жасады деп айыпталған кемпірді тірілей өртеп жіберді, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Бастапқы дерекке сенсек, үндістер 73 жастағы Роза Вильяр Хариониканы адамдарға дуа жасады деп айыптал, оны өртеп өлтіру жөнінде шешім қабылданған. Үкім шығаруға 40 адам қатысса соның көпшілігі өлім жазасын құптаған. Үкімді жергілікті көсем қолдап, ол туралы қауымның журналына жазба жасалған.

Өңірдің прокуроры Пуэрто-Бермудес Уго Маурисионың айтуынша, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Амазонка алқабындағы жыныс орманда өмір сүретін Ширингамату Альто (Shiringamazu Alto) қауымында болған. Хариониканың қол-аяғы байлап, үстіне қураған шөп пен ағаш үйіп, сосын бензин құйып өртеп жіберген. Жаза орындалған сәтті ұялы телефонға да түсіріп алған.

Айғақтың көзін жою үшін қауым мәйітті үш күн өртеген. Алайда сол жерге келген полиция марқұмның бірнеше сүйегін тауып алды.

Дереккөз: Іnform.kz

28 қыркүйек 2016, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.