Атырау, 19 сәуір 15:17
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес көз жұмды

1 538 просмотра

Фото: ReutersБүгін, 28 қыркүйекте таңертең Тель-Авивтегі ауруханада Израильдің бұрынғы президенті әрі премьер-министрі Шимон Перес қайтыс болды,- деп хабарлады Азаттық.

92 жастағы Перес 13 қыркүйекте екі апта бұрын алған инсульттен соң Тель-Авив маңындағы ауруханаға түскен.

Нобель сыйлығының лауреаты Шимон Перес 2007 жылдан 2014 жылдың шілдесіне дейін Израиль президенті болған. Ол Израиль үкіметін 1995-1996 жылдар аралығында басқарған.

1992 жылы ол Израиль сыртқы істер министрі болып тұрғанында Палестинаны азат ету ұйымының жетекшісі Ясир Арафатпен құпия келіссөз жүргізген. Келіссөз нәтижесінде Ослода келісімге қол қойылған. Бұл жетістікке байланысты Арафатқа, Перес пен Израильдің сол кездегі премьер-министрі Ицхак Рабинге бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілген.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 қыркүйек 2016, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.