Атырау, 20 сәуір 03:58
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сирия армиясы Алеппо маңында құрлықтағы операциясын бастады

1 434 просмотра

Фото: AFPСирия үкіметі әскері қоршауға алған Алеппо қаласын басып алу үшін құрлықтағы операциясын бастады. Қалада 250 мыңнан астам адам тұрып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. Сирия армиясы қаланың орталық бөлігіндегі бұған дейін көтерілісшілер бақылауында болған аудандардың біріне бақылау орнатты. Алеппо 2012 жылдан бері екі тараптың ықпал аймағына бөлінген. Мемлекеттік телеарна үкімет әскері Алеппоның әйгілі қамалына жақын ауданды басып алғанын, ал қаланың тарихи орталық бөлігінде ұрыс жалғасып жатқанын айтты.

Алеппода операция басталғаны туралы 22 қыркүйекте - АҚШ пен Ресейдің араағайындығымен жасалып, бір аптаға созылған бітім бұзылған соң хабарланған. Екі жақ та бітімді бұзды деп бір-бірін айыптайды. Содан бері Сирия мен Ресейдің әскери-әуе күштері Алеппо маңындағы аудандарды шығыс жағынан бомбалап жатыр.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, осы уақыт аралығында 200-ден астам адам қаза тапқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 қыркүйек 2016, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.