Атырау, 25 сәуір 22:20
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Күн сайын 48 қытай азаматы қазақ жерiне табан тiрейдi", "Мәсiмов Бэтмен емес", "Бакудің референдумы Пхеньянның билік әулетін еске салды", "БҒМ реформасының бір мектептегі көрінісі", "«Ақ бұлақтың» ақыры: ауызсуға жарымаған ауылдар бар"

1 949 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Күн сайын 48 қытай азаматы қазақ жерiне табан тiрейдi" - Кейде елеусiздеу айтылған ресми дерек­тердiң өзi төбе құйқаңды шымыр еткiзе­дi. Мәселен, жуырда ғана Астанада босқындарды қорғау және халықаралық көшi-қон жөнiндегi Алматы про­це­сi­нiң жоғары лауазымды қызмет­кер­­ле­рiнiң үшiншi кездесуi өттi. Осы жиында 2016 жылдың 8 айы iшiнде Қазақстанға келген еңбек мигранттарына қатысты есеп-қисап айтылды. Ондағы деректерге үңiлсеңiз, аза бойыңыз қаза болады, орта есеппен алғанда тәулiк сайын елу шақты қытай азаматы шекарадан берi өтедi екен.

"Ильхам Әлиев отбасылық монархия құра ала ма?" - Қыркүйектiң 26-сы күнi Әзiрбайжан президентi Ильхам Әлиев пен оның отбасының арманы орындалып, билiк көкке көтерiп мақтаған, оппозиция жерге ұрып сынаған референдум өттi. Осы елдi сырттай бақылап жүрген шетелдiк сарапшылар Әзербайжанда көп ұзамай билiк үшiн қақтығыс-тартыстарға жол ашылатынын болжайды.

"Мәсiмов Бэтмен емес" - Отанын сатты, билiктi күшпен басып алмақ болды деген айыппен сырттай ұзақ жылға сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев өткен аптада әлеуметтiк желiдегi парақшасында Кәрiм Мәсiмовтiң ҰҚК төрағасы болып тағайындалуына қатысты пiкiрiн жариялады.

AZATTYQ.ORG. "Билік "Саакашвилидің партиясын" бітімге шақырды" - Грузиядағы парламент сайлауы алдында саяси партиялар тартысы қызып тұр. Тартыс соңы тәртіпсіздікке ұласпас үшін билік қарсыластарын бітімге шақырды. Оппозиция ұсынылған меморандумға қол қоюға қарсы.

"Бакудің референдумы Пхеньянның билік әулетін еске салды" - Әзербайжанда үшінші рет ел конституциясына түзету енгізу туралы референдум өтіп жатыр. Қазақстандық сарапшылар мұны «әулет билігін заңдастыру» деп сипаттайды.

BAQ.KZ. "Мерей АҚШАЛОВ: Аллаға құлшылық етемін, уахабшыларға қатысым жоқ" - Осыдан үш жыл бұрын Мерей Ақшалов спортпен қоштасатынын хабарлағанда, дарынды боксшының болшағына үмітпен қараған жанкүйерлері оның бұл қадамын құптай қоймаған. Мұндай шешімін Мерейдің өзі көзін зақымдап алғынымен түсіндірген. Кейіннен мұның астарынан кілтипан іздей бастағандар да табылды. Ал Ақшаловтың сақал қойып, көпшілік ортада көріне бермеуі екінші пікірді жақтаушылардың ойын дөп басқандай болған. Шыны керек, бастапқыда танымал боксшы сұхбат берер ме екен деген екіұшты ой менде де болды. Бірақ телефонына хабарласқанымда, баяғы қарапайым қалпымен газет оқырмандарымен ой бөлісуге бірден келісті. Сонымен...

ABAI.KZ. "БҒМ реформасының бір мектептегі көрінісі" - Жақында Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты 183 жалпы білім беретін мекемеде (ары қарай - мектеп) Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Ұлт анасы - тіл» атты мерекелік шара өтті. Жас бүлдіршіндердің ана тілдеріне ақуыз ниеттері, аңқылдаған ақ тілектері өлең болып төгіліп, ән болып шырқалған салтанатты кешке «Abai.kz» порталының тілшілері де барып қайтқан болатын.

"Олар кетіп барады, «қара орыстарды» қалдырып..." - Өткенде белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйеніп, 2016 жылдың жарты жылында елімізден 16 742 адам көшіп кеткенін жазған болатын.

KORRESPONDENT.KZ. Ақ бұлақтың» ақыры: ауызсуға жарымаған ауылдар бар" - Қазынадан қыруар ақша бөлінген бағдарламалардың бірі ретінде «Ақ бұлақты» атауға болады. Бірақ, біраз жылдардан бері бюджет ақшасын игеруде алдына қара салмайтын бағдарламаның бітіргенін қайдам, әлі күнге дейін ауызсуға жарымай отырған ауылдар бар. Соның бір-екеуін ретіне қарай тізбелеп көрейік.

"«91-дің» тағдыры не болмақ?" - Бүгінде «Найнти уан» тобының атағы аспандап тұр. «Қазақы келбет», «қазақы болмыс» сөздері олар туралы дау-дамайда жарқын-жарқын естілгенімен, «қазақылықтан жұрдай топ» деп жазғырады жұртшылық. Тырыстырып шалбар киіп, шаштарын алуан түске бояп, сырға таққан жігіттерге Сәкен Майғазиев Мейрамбектің «ертең олар үйленгенде әйелінен сырғасын қалай сұрайды екен» деп қалжыңдағаны барын айта келіп, оларға «Орда», я болмаса «Ринго» топтары сынды ән айтуға кеңес берді.

DALANEWS.KZ. "Деспотизм Сцилласы мен патернализм Харибдасы қыспағындағы Шығыс адамы" - Қазақстан 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздігін алмас еді, егер 1936 жылы КСРО құрамынан шығу құқығы бар Одақтас республика мәртебесіне көтерілмесе. Қазақстан Одақтас республика мәртебесіне қол жеткізе алмас еді, егер 1920 жылы автономиялық республика болып құрылмағанда. Қазақстан автономиялық республика бола алмас еді, егер Ә. Бөкейханов бастаған алашордашылар ерен ерлік көрсетіп, жанкешті әрекеттерге бармаса.



27 қыркүйек 2016, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.