Атырау, 29 наурыз 12:30
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Саунада кісі өлтіруші 15 жыл жаза алды

2 044 просмотра

Сауна ауласында келушіні басып кеткен ер адамға үкім шығарылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа жолданған қылмыстық істі қарады. Ал сотқа дейінгі тергеу ісі ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша басталған еді.

Негізгі сот отырысында 2016 жылдың 11 ақпанында азамат С.Б.-ның туысымен бірге Атырау қаласындағы сауналардың біріне келгендігі анықталды. Ол жерде едәуір ішімдік ішкен ер адам сауна қызметін төлеуден бас тартады. Персоналдың төлеу туралы талабына жауап ретінде ол балағат сөздер айта бастап, көлігінің рөліне отырып, көлігін артқа қарай қозғайды. Сол кезде көлігі туысын сәл жанап кетеді. Бұл жүргізушінің ашуын келтіріп, жылдамдықты күшейтеді де, тар аула ішінде сауна персоналдары мен басқа келушілерді қуалай бастайды. Олардың бірін қағып кетіп, жерде жатқан адамның үстінен жаншып өтіп, оқиға орнынан ғайып болады. Ауыр дене жарақатын алған зардап шегуші көз жұмады.

Іс алқа билердің қатысуымен жабық режимде қаралды. Алқа билердің үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
27 қыркүйек 2016, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.