Атырау, 29 наурыз 04:45
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сейтқазы мен Әсет Матаевтар залалды өндіру туралы шағым арызбен келіспейтіндіктерін білдірді

5 276 просмотра

Фото: Tengrinews.kzАстана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев келтірілген зиянды өндіру туралы шағым арызбен келіспейтіндіктерін білдірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Көрсетілген шағым арыз талаптарымен мен толығымен келіспеймін», - деді С.Матаев сейсенбідегі сотта.

Ол 23 қыркүйекте процессуалдық прокурор төленбеген салық түрінде Т216 млн астам келтірілген шығын сомасын мемлекет пайдасына өндіру туралы шағым арыз түсіргенін айтты. Өз сөзін дәлелдеу үшін бірқатар құжаттар келтірді: ұлттық баспасөз клубының салық есептілігінің формасын, орындалған жұмыстар актісі мен шот-фактуралар, төлем тапсырмасы, бухгалтерлік база, қоғамдық бірлестіктің кассалық құжаттарының түпнұсқалары, сарапшы қорытындысы.

Сонымен қатар, ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қылмыстық құқықбұзушылықпен мүлікке келтірген зиянды өндіріп алу туралы шағым арыз талаптарына да қарсы болды.

С.Матаев соттан шағым арызды толығымен қанағаттандырмауды сұрады.

Сондай-ақ, С.Матаев зардап шегуші тараптың сотталушылардан Т169 млн сома көлемінде шығынын өндіріп алу туралы шағым арыз талаптарына да қарсылығын білдірді. Ә.Матаев С. Матаевтың қарсылығын қолдады.

Өз кезегінде адвокат Андрей Петров соттың қылмыстық іске тартылған заттай айғақтардың барлығын тексерместен, сот тергеуінің аяқталғанын жариялап, тараптардың пікір таласына көшті деп мәлім етті.

«Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың жазбаша қарсылықтары жаңа жағдай болып табылатынын және олардың сот тергеуінде тексерілмегенін назарға ала отырып, және ҚПК 383, 385 баптары негізінде егер сот пікір таласына қатысушы немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа жағдайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші немесе өзінің бастамасы бойынша сот тергеуін қайтадан жандандырады. Жоғарыда айтылғандар негізінде соттан сот тергеуін қайта жандандыруды сұраймыз», - деді ол.

Астананың №2 Есіл аудандық сотының судьясы Ақболат Құрмантаев тараптардың пікірін тыңдай келе, іс материалына жазбаша қарсылықтары тігілсін деп қаулы етті, алайда сот тергеуін жандандырудан бас тартты.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қыркүйек 2016, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.