Атырау, 20 сәуір 18:31
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Полицияны балағаттағаны үшін жазаланды

2 171 просмотра

Мақат ауданында тұратын әйел полиция қызметкерін балағаттағаны үшін 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына кесілді.

Мақат ауданы прокурорның орынбасары Мақсат ШАРИПОВТЫҢ хабарлағанындай, Мақат аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері түн жарымда беймезгіл жүрген 15 жастағы жасөспірімді ұстаған болатын. Кейін оның анасы АІІБ ғимаратына келген кезде хаттама толтырып жатқан полицияның абыройына нұқсан келтіретін сөзбен балағаттайды. Айғай-шу шығарып, полицияның тегіне тіл тигізіп, дене бітімі мен түр келбетіне қатысты «аяғы қисық неме», «сен жезөкшесің» сияқты ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-тармағымен («Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау») қылмыстық іс қозғалды.

Мақат аудандық соты сотталушы әйелді кінәлі деп танып, оның жалғызбасты ана екенін, материалдық жағдайын және бұрын сотталмағанын ескеріп, 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қыркүйек 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.