Атырау, 28 наурыз 20:10
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Клинтон: АҚШ-тағы хакерлік шабуылды Ресей жасағанына күмән жоқ

2 493 просмотра

Фото: AFPАҚШ президенттігіне Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон Ресейдің АҚШ-тағы ұйымдарға кибер шабуыл жасағанына "еш күмәны" жоғын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Йорктегі Хофстра университетінде Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамппен өткен алғашқы дебатта айтты. Клинтон Трампты Ресей президенті Владимир Путинді америкалық мекемелерге хакерлік шабуылға жария түрде шақырғаны үшін айыптады,- деп хабарлады Азаттық.

Дегенмен Трамп Клинтон айтқан кибер шабуылдарды кім жасағаны белгісіз екенін мәлімдеді.

"Бұл - Ресейдің елде хаос туындатып, ақпарат жинап алуда қолданатын, жақсы көретін әдістерінің бірі" деді Клинтон. Екі кандидат 8 қарашада өтетін сайлауға дейін барлығы үш дебат өткізуі тиіс.

Клинтон сонымен қатар Трамп шілдеде Ресей өзінің электрондық почтасына хакерлік шабуыл жасауы тиіс дегенде "шошынғанын" айтты. Трамп Клинтонның "жеке басқа қатысты болғандықтан өшіріп тастадым" деген хаттарын меңзеген. Бірақ кейін ол бұл сөзін "сарказм" деп атаған.

Путинді "мықты басшы" деп мақтап, президент болса Ресеймен байланысты жақсартатынын айтқан Трамп Клинтонның айыптауына "Хакерлік шабуылды жасаған Ресей болуы да, тіпті Қытай болуы да ықтимал" деп жауап берді.

Кибер шабуыл сарапшылары мен АҚШ билігі өкілдері Ресей сайлау барысына ықпал ету үшін Демократиялық партия жетекшілерінің "ыңғайсыз хаттары" жарияланып кеткен хакерлік шабуылды ұымдастырған деп санайды.

Ресей билігі бұл айыпты жоққа шығарған.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 қыркүйек 2016, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.