Атырау, 28 наурыз 15:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Медициналық сақтандыруға азаматтар қосымша жарна төлемейді - ДСӘДМ

2 838 просмотра

Фото: egemen.kzБүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық штаб мүшелерімен селекторлық тәртіпте семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Семинар барысында министр Тамара Дүйсенова (суретте) медициналық сақтандыру жүйесін еңгізу туралы – ең алдымен медициналық көмек көрсету стандарттарының ЭЫДҰ елдері деңгейінде болуын қамтамасыз етуді көздейтіндігін айтты.

«Мемлекет басшысы Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу міндетін қойды. Аталған мемлекеттердің денсаулық сақтау саласының негізін әлеуметтік медициналық сақтандыру құрайды. Мұнда ортақ жауапкершілік 3 негізгі субъектіге артылады: мемлекет, жұмыс берушілер және ел азаматтары. Жыл сайын мемлекет денсаулық сақтау жүйесіне 800-900 млрд.теңге қаражат бөледі, сонда да біздегі медициналық қызмет көрсетудің сапасы дамыған елдерден төмен. Егер біз медицинаның сапалы болуын қаласақ, қосымша қаражат қарастыруымыз қажет. Медициналық сақтандыру жарнасының негізінде 200 млрд. теңгеге жуық қаражат алуды ойластырып отырмыз. Бұл қаржы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын әрі қарай дамытуға жұмсалатын болады», - деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан бөлек министр халықты вакциналау, қауіпті әрі әлеуметтік маңызы жоғары аурулар кезінде көмек көрсету мен шұғыл медициналық көмек қызметтері қамтылатын ақысыз медициналық қызметтердің кепілдендірілген көлемі сақталатынын жеткізді. Сонымен қатар, медициналық сақтандыру жүзеге асқан кезде мемлекет «Медициналық сақтандыру қорына» әлеуметтік жағдай нашар 10,1 млн. азамат үшін жарна төлейтін болады. Осы орайда ескертетін бір жайт, медициналық сақтандыру үшін ешкім де қосымша жарна төлемейді.

«Медициналық сақтандыру жүйесінде ешбір адам қосымша жарна төлемейді. Қаражатты тек қана Қор төлейді, ол медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы болады. Қордағы қызметтің басты басымдығы – медициналық қызметтердің сапасы болмақ», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

Дереккөз: Baq.kz

26 қыркүйек 2016, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.