Атырау, 20 сәуір 01:55
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Темекі тұқылы үшін айыппұл салынды

3 053 просмотра

Image 0Махамбет ауданында қыз балаға жерге темекі тұқылын тастағаны үшін айыппұл салынды.

Оны полиция Береке поселкесіндегі көшеден ұстаған. Іс материалдарына сүйенсек, құқық бұзушы қыз темекіні тартып болған соң, тұқылын жерге лақтыра салған. Ол осылайша «қоғамдық пайдалану орнын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзды».

Махамбет аудандық соты оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танып, 10 АЕК (21 210 теңге) түрінде айыппұл салды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қыркүйек 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.