Атырау, 25 сәуір 03:33
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Парақор салық қызметкерлеріне айыппұл салынды

2 665 просмотра

№2 қалалық соты пара алды деп айыпталған Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің үш қызметкеріне үкім шығарды.

Сот биылғы жылдың наурыз-сәуірінде кеден басқармасындағы бөлім бастықтарының бірінің қарамағындағы екі қызметкерімен келісіп, құжаттарды жылдам рәсімдегені үшін пара алғандығын анықтады. №2 қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, үшеуі де ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-тармағының 2,4-тармақшалары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеумен қатар, параның 70 есе мөлшерінде айыппұл төлеу жазасын алды. Бөлім бастығы 10 млн 500 мың теңге, оған бағыныштылар – 7 млн 350 мың және 5 млн 595 мың теңге төлейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2016, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.