Атырау, 19 сәуір 06:54
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алматы мен Астанадағы Ұлттық баспасөз клубы мен оның ғимараты президент тапсырмасы бойынша құрылған - Матаев

3 981 просмотра

Алматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматы мен Астанадағы Ұлттық баспасөз клубы мен оның ғимараты ҚР президентінің тапсырмасы бойынша құрылған, деп мәлім етті сотта ҚР журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев.

«Ұлттық баспасөз клубы 1996 жылы құрылды, мемлекеттік органдардың елордаға көшуіне байланысты Алматыда Ұлттық баспасөз клубын ашу туралы Қазақстан президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы №1627 тапсырмасы болған. Бізде, президент тапсырмасы бойынша бізге берілген өз ғимаратымыз болатын – Фурманов, 122. Қазір ол ғимарат қиратылды», - деді С. Матаев бейсенбі күнгі сот отырысында.

Бұл ретте ол «бірқатар жоғарғы лауазымды шенеуніктер Ұлттық баспасөз клубын жабу керек» деп шешкенін атап өтті.

«Бірқатар жоғарғы лауазымды шенеуніктер ол алаңды жабу керек деп шешіп, МСҚБ арқылы бізге шағым түсірді. Үшінші және төртінші қабаттар қазір бұзылды және ол ғимарат қазір жұмыс істемейді. Бұл Ұлттық баспасөз клубы көптеген баспасөз мәслихаттарын өткізетін, өз алаңын қандай да сотты болған тұлғаларға да беретін. Баспасөз мәслихатының бір бөлігін біз ақылы түрде өткізіп, ал меморгандар үшін тегін өткізетінбіз», - деп түсіндірді С. Матаев.

С. Матаев айтқандай, Астанадағы Журналистер үйі де ҚР президентінің тапсырмасымен ашылған.

«Ұлттық баспасөз клубы Астанадағы Журналистер үйінің құрылуына бастамашылдық етті. Бұл да президенттің өтінішімен болған, себебі меморгандардың бір бөлігі елордаға көшіп келген, және біз 2005-2006 жылдары Журналистер үйін тұрғыздық, Ақорданың қарсысынан бізге жер телімі берілген. Қазір Журналистер үйінде 20-25 бұқаралық ақпарат құралдары орналасқан. 2007 жылы біз құрылысты аяқтадық. Біз оның құрылысы үшін бюджеттен тиын да жаратпағанымызды атап айтқым келеді. Ғимаратты біз жеке қаражат пен кредиттік қаражат есебінен тұрғыздық», - деді С. Матаев.

Бұл ретте ол қазір Журналистер үйін жауып тастау әрекеті жасалуда деп атап өтті.

«Қазір ол ғимаратқа да көз тігуде. Біздегі барлық бөлмелерге қамау салынған. Қазірдің өзінде ол ғимаратты бағалап, бізге қысым көрсету арқылы ол ғимаратты бізден алып қоюға әрекеттенуде. Әңгіме Ұлттық баспасөз клубын тіркеуден мүлдем алып тастау туралы болып отыр», - деді С. Матаев.

Одан басқа, С. Матаев халықаралық ақпараттық ҚазТАГ агенттігі де президенттің тапсырмасы бойынша құрылған деп қадап айтты.

«Әңгіме ҚазТАГ туралы болып отырған соң, мен, ол да кезінде елбасының тапсырмасымен ашылғанын қадап айтқым келеді, себебі, сіздер білесіздер, 90-шы жылдары Қазақстанда шетелдік БАҚ-тар басым болатын. Кезінде ҚазТАГ агенттігі болатын, мен онда 80-ші жылдары қызмет атқарғам, кейін әр түрлі себептермен оның атын өзгертіп тастады. Қазір ол меніңше, Қазақпарат Ұлттық агенттік деп аталады, бірақ мен оны мемлекеттік агенттік ретінде қалыптаса алмады деп есептеймін. 2008 жылы біз сол атпен тіркеуден өттік, мемлекет ол атауды жоғалтып алған, ал біз оны тіркедік», - деп С. Матаев қадап айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

22 қыркүйек 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.