Атырау, 23 сәуір 14:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Астанада Тоқтар Төлешовтің соты басталды

2 299 просмотра

Астанада қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында шымкенттік бизнесмен, "билікті күшпен басып алмақ болды" деп айыпталған Тоқтар Төлешовтің соты басталды. Төлешовтің ісі бойынша 25 адам сотқа тартылмақ. Іс материалында мемлекеттік құпия мәліметтері болғандықтан жабық түрде өтеді,- деп хабарлады Азаттық.

Істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ербол Ахметжанов қарайды. Ол 2012 жылы шекарашы Владислав Челахқа қатысты істі және 2015 жылы ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісінде судья болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін "Шымкентсыра" зауытының иесі Тоқтар Төлешовке «адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, билікті күшпен басып алуды насихаттау, экстремистік топ құру, қылмыстық қауымдастық құрып, оны қаржыландыру және басшылық жасау, бандитизм, пара беру» туралы айыптар тағылғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 қыркүйек 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.