Атырау, 19 сәуір 16:28
Кешке бұлыңғыр болады+11, түнде +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.87  € 405.44  P 5.32

Кеншілер өз алаңында мұнайшыларды жеңіп шықты

13 қыркүйек 2016 17:07

Қазақстан премьер-лигасының 26-туры аясында «Атырау» ФК «Шахтер» ФК-мен (Қарағанды) түзде ойнады.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ «Атыраудың» ойыны ойдағыдай болмады. Алдымен жартылай қорғаушы Валерий Коробкин тізесінен жарақат алды. «Шахтер» футболшылары орта шептегі кедергіні пайдалану мүмкіндігін жібермей, 14-минутта қапталдан қарқынды шабуыл жасады. Деслей Уббинк допты әуелете беріп, Штэфан Зошак гол соқты – есеп 1-0 болды.

«Ақ-жасылдардың» сирек шабуылына қарағандылықтар қарқынды қарсы шабуылмен жауап берді. 25-минутта Уббинк қапталдан айыппұл добына оңай жетіп, еш қиындықсыз серігіне доп берді. Сергей Скорыхтың алыстан соққан добы есепті 2-0-ге жеткізді. Екінші тайм «атыраулаған» ұранмен басталды. Футболшылар позициялық шабуылдар жасады, алайда 59-шы минутқа дейін ғана осылай жалғасты.

Алаң иелері бұрыштан сәтті соққы жасап, Айдос Тәттібаев есепті 3-0 етті. Үшінші голдан кейін мұнайшылар күш жинай алмады. «Атырау» футболшыларының қақпаны алуға сылбыр әрекеттері орын алғанымен, кеншілердің қорғанысы олардың қиындықсыз тойтарып отырды. Нәтижесінде ірі жеңіліс тауып, кестеден 10-орынды иеленді. «Атырауды» шығып қалу аймағынан 2 ұпай бөліп тұр.

Марат ТАКУЛИН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

709 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Мектеп тапсырмасы: 4 ауысыммен амалда  818 рет қаралды

Ардагерлер сахнаға шықты  905 рет қаралды

Бас дәрігерлердің басы қатты  1622 рет қаралды

Атырау облысының әкімі: мен ешкімді алдаған жоқпын   2029 рет қаралды

Басты бет

1 2 3