Атырау, 27 мамыр 18:38
Түнде ашық+12, таңертең +20
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Қастеев музейінің классиктері Атырауда  

9 қыркүйек 2016 20:19


Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жинақтамасындағы қазақстандық суретшілердің 76 жұмысы Ш.Сариев атындағы Облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының қорын толықтырды.

Жинақтаманы табыстау үдерісі Қастеев мұражайымен және ҚР мәдениет министрлігімен хат алмасудың жүруіне байланысты жылға жуық уақытқа созылған. Ақыры барлық қажетті формальдылық сақталған соң, 76 картинадан тұратын жинақтама Атырауға әкелінді. Жинақтамаға өткен ғасырдың 50-60-жылдарында өмір сүрген суретшілердің жұмыстары енген: олар Сахи Романов, Әмин Хайдаров, Камиль Муллашев, Валентин Антощенко-Оленев, Николай Гаевтар… Жаңа картиналар үшін мұражай әкімшілігі «Мұражайлар ынтымақтастығы» көрмесін жасақтаған. Қастеев мұражайының картиналары Атырау мұражайының үлкен залдарынан орын алған.

- Мұнда кеңестік білім беру жүйесінен өткен кәсіпқой суретшілердің, жұмыстары үйлесімділік тауып, бірін бірі толықтырып тұр. Оқыту академизмі олардың шығармашылық еркіндігі мен ерекшелігін еш шектемеген. Көрмеге өте танымал әрі сұраныстағы жанрлар - пейзаж, портрет және натюрморттар қойылған. Суретшілердің осы жанрлардағы картиналарының біріне бірі еш ұқсамайтыны таңғалдырады, – дейді Ш.Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының бөлім меңгерушісі С.АСЫЛБЕКҚЫЗЫ. – Көркем суретшілердің жұмыстарынан бізге таныс, үйреншікті көріністерді кездестірмейсіз. Олай болғанда, бәрі қарапайым болар еді ғой? Бірақ, әр картинада оның мағынасын ашатын жасырын көріністер жеткілікті. Кей жағдайларда бояуларға, формалар мен кескіндердің әсемділігіне басымдық береді, кейде кей заттар бір бейнелер болып көрінеді. Сахи Романовтың портреттерін алып қарасақ, кейіпкерінің бейнесін нақты суреттей отырып, кескін-келбетін қаз-қалпында, шынайы бейнелейді. Әмин Хайдаров жаратылысы бөлек суретші, бұл автордың жобалары үнемі ерекше мәдени құбылысқа айналады. Әмин Хайдаровтың жұмыстарының ерекшелігі сол, ол реңктерді дәл таба біледі. Кейде оның картиналарының бояуларының қанықтығы сондай, барлық шығармалардан да асып түседі. Сонымен бірге, оның картиналарының сюжеті сондай шынайы, өміршең келеді. Семей полигоны туралы жұмыстарының сериясы бұл өз халқының тағдырына бей-жай қарамайтын адамның жан айқайын суреттейді.

Көрме 19 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1764 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Балалардың жан жылуы  5810 рет қаралды

Атырау суретшілері: Бақтыгерей Телеубай  310 рет қаралды

Күмбірлеген күй кеші  1122 рет қаралды

Музейде көрме өтуде  815 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8