Атырау, 20 сәуір 07:39
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматыда бөлшектелген денесі табылған ер адамның кім екендігі анықталды

2 883 просмотра

Полицейлер Алматыда бөлшектелген денесі табылған ер адамның есімін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары қаза болған адамның есімін жариялаған жоқ. Мәліметтер жақын арада толықтырылады деп күтіледі. Сонымен қатар, ер адамды өлтірді делінген азаматтың кім екені анықталған. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

7 қыркүйек 2016, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.