Атырау, 29 наурыз 14:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атыраулықтар Олимпиада чемпионын күтіп алды

Сурет Бейнежазба
3 341 просмотра


Атыраулықтар бүгін Олимпиада чемпионы, ауыр атлет Ниджат РАХИМОВТЫ күтіп алды. Жергілікті әуежайдағы VIP-аймақта болған мерекелік қарбалас таңертеңнен басталды: қызыл раушан гүлдер шоғы, осында автобуспен келген оркестр және жүз шақты оқушы. Белгіленген уақытқа таяу әуе айлағына қарай ресми тұлғалар келіп жетті: Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТ және облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ.

Алайда, бәрінен бұрын Ниджатты оның ата-анасы мен қарындасы көргісі келген сияқты. Ұлы мен ағасын жақындары күнде көре бермейді, бәрі де қатаң спорттық кестеге байланысты. Ұшақтың басқышынан түсіп келе жатқан Ниджат Рахимов чемпион атағына үйренбеді ме, қымсынғанын жасыруға тырысты. Ал өзіне жақын адамдардың құшағына енген кезде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнады.

Ниджат бақылау аймағынан енді өте бергенде, оны күтіп алушылар айқайлап-шулап, ду қол шапалақпен қарсы алды. Спортшы қымыз бен бауырсақтан дәм ауыз тиген соң, адамдарға толы дәліз бойымен жүріп өтті. Олимпиада чемпионы жастармен суретке түсіп, қолтаңбасын берді. «Ниджат – чемпион!» деген көтеріңкі дауыстар әр жерден естіліп жатты. Риода алтын медаль иегері атанған спортшы кабриолетке мініп, Қазақстан жалауын қолына ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті. Мерекелік колоннаны байкерлер тобы бастап жүрді.


Марат ТАКУЛИН

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

5 қыркүйек 2016, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.