Атырау, 29 наурыз 03:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Болашақтан» келген түтін бе?

Бейнежазба
3 489 просмотра


«АЖ» оқырмандары редакцияға табиғат пайдаланушылардың экологияны бүлдіріп жатқандығы туралы айғақтарды жолдауды жалғастыруда.

Сондай айғақтардың бірі – оны жолдаған оқырманның айтуынша, 26 тамызда Қарабатанда түсірілген бейнежазба. Кадрға әлі іске қосылмаған мұнай дайындайтын «Болашақ» зауыты түсіп қалған. Алайда, артқы планда алау жанып тұр және одан қара түтін шығып жатыр.

Сенбіде біз «НКОК Н.В.» компаниясының баспасөз қызметімен байланысуға тырыстық. Бірақ, қанша қоңырау шалсақ та олармен байланысу мүмкін болмады, сөйтіп біз қара түтіннің шығу себебін түсіндіруді сұрап, оларға SMS жазып жібердік. Мынадай жауап келді: «Анықтап жатырмыз. Ресми сауал жолдаңыз».

Ал Қарабатан жұмысшылары алаудан қара түтіннің бір айға жуық уақыт бойы күнде шығып жатқанын айтып отыр.

Мурат СУЛТАНГАЛИЕВ

5 қыркүйек 2016, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.