Атырау, 20 сәуір 16:53
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сауд Арабиясында имамдар жаппай жұмыстан шығарылып жатыр

2 099 просмотра

Көрнекі сурет. Фото: islam.ru Сауд Арабиясында имамдарды жаппай жұмыстан қысқарту жүріп жатыр. Биліктің бұл шешімімен 10 мың имамды жұмысынан шығарылса, шамамен 360 млн сауд риалын (шамамен 97 млн АҚШ доллары) үнемдеуге мүмкіндік туады, деп хабарлайды BNews.kz.

Ислам істері жөніндегі министрлік имамдарға екі мүмкіндіктің біреуін таңдауды ұсынып отыр. Біріншісі – 5 уақыт намазын оқып, штаттық режимге сәйкес таңерттеңнен кешке дейін мешітте болу, екіншісі – жұмыстан шығу.

«Сауд Арабиясы тұрғындарының көп бөлігі имамдар ештеңе істемейді, жайдан жай көп айлық алады деп есептейді. Олардың айлық жалақысы 3 мың сауд риалы (шамамен 800 АҚШ доллары). Осыған байланысты, ислам істері жөніндегі министрлік «имам» мамандығының атауын, «уағыз айтушыға» ауыстыруды жоспарлап отыр. «Уағыз айтушылар» қажет болған жағдайда ғана уағыз айтады», - дейді министрлік мамандары.

Бұдан бөлек, уағыз айтушының дін және исламды уйрену саласынан жоғары білімі болуы тиіс.

Дереккөз: BNews.kz

1 қыркүйек 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.