Атырау, 20 сәуір 08:19
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Уланған ауада қалқыған хаттар

3 715 просмотра

24 тамыз күні түнде Атырау қаласын ылғи да белгісіз болып қала беретін табиғат пайдаланушылар жақтан кезекті рет газ иісі алып кетті. Таңда көптеген тұрғындар редакцияға хабарласып, тұншықтыратын жағымсыз иіске шағымданды.

КЕЗЕК-КЕЗЕК ЖАНҒАН ҚЫЗЫЛ ШАМДАР

Біз экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВҚА тексеру жүргізіп, экологиялық заңнаманы бұзушыларды тауып, жазалауды өтіндік. 25 тамыздағы жауабында Е.Қуанов департамент камералдық бақылау аясында «Қазгидромет» РМК филиалында НКОК компаниясының ауа сапасын бақылайтын бес станцияның мәліметтерін сұрағанын хабарлады: «ВестОйл», «Восток», «Шағала», «Авангард» және «Жилгородок».

«24 тамызда сағат 0-ден 8-ге дейін күкіртсутегі бойынша шекті рұқсат етілген шығарындының (ШРШ) 8,6 есеге артқаны байқалған. Бұл уақытта 1,5 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағыттан жел соғып тұрды. ШРШ-тың максималды артуы тіркелген «ВестОйл» станциясының бағытына қарай келесі нысандар орналасқан: «Petro Export», «Каспийпромстройнедвижимость» ЖШС-тері, Сасық сайдың булану алаңы», деп жазады Қуанов. Ал, негізінде қызыл шамдар ауа сапасын бақылайтын барлық бес станцияда да ШРШ-тың артуынан белгі берген болатын. Әр жерде 1,15-ден 8,67 есеге дейін артуы тіркелген болатын. «ВестОйл» станциясындағы аспаптар 25 тамыз күні таңғы сағат 7-де ШРШ-тың 16,56 есеге артқанын көрсетті.

ТӨРТ ХАТТЫҢ ЖАУАБЫ

Біз өз хатымызда облыстың бас экологына маусымда қаланы бірнеше рет қолқаны қабатын жағымсыз иіспен бірге газ иісі алып кеткенін еске салып өттік. «АЖ» оған кінәлілерді табу туралы өтінішпен шыққан болатын. Алайда, бұл орындалмады. Қуанов жауап ретінде биыл жазда сол кездегі Атырау облысы прокурорының міндетін атқарушы Асылбек МҰҚАНОВҚА жолдаған төрт хатты келтірді.

24.06.2016 күнгі хат

21 маусым күні сағат 21-ден 22.20-ге дейін «ВестОйл» ауа сапасын бақылайтын станциясы оңтүстік-шығыс бағытына қарай соққан жел кезінде күкртсутегі бойынша ШРШ-тың 8,94-53,11 есеге артуын тіркеді. 22 маусым күні сағат 2-ден 8-ге дейін «Восток» ауа сапасын бақылайтын станциясы ШРШ-тың 1,03-ден 25,18 есеге дейін артқанын тіркеді, «ВестОйл» сол сағаттарда 1,63-ден 100,96 есеге дейін артқанын тіркеген.

Жоғарыда айтылған жел бағыты бойынша табиғат пайдаланушылар нысандары орналасқан, әсіресе, «Батыс Петролеум» ЖШС (вагондар-цистерналарды шаю), «АМӨЗ» ЖШС, «Om Trade Oil» (тауарлы мұнайды қайта өңдеу), «Каспийпромстройнедвижимость» ЖШС-нің мұнай базасы, Сасық сайдың булану алаңы («Атырау су арнасы» КМК және «АМӨЗ» ЖШС).

13.07.2016 күнгі хат

7 шілде күні сағат 20-дан 23-ке дейін «ВестОйл» ауа сапасын бақылайтын станциясында солтүстік-шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытымен күкіртсутегі бойынша ШРШ-тың 6,24-91,74 есеге артқаны тіркелген, сондай-ақ, сағат 22-ден 23-ке дейін «Восток» ауа сапасын бақылайтын станциясынан 6-дан 7 есеге дейін артқаны тіркелді.

8 шілде күні сағат 0-ден 8-ге дейін «ВестОйл» ауа сапасын бақылайтын станциясы шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытымен ШРШ-тың артуы 4,93-ден 46,5 есеге дейін артқанын көрсеткен.

9 шілде күні сағат 21.20-дан 23.20-ке дейін «Восток» ауа сапасын бақылайтын станциясы солтүстік-батыстан соққан жел бағытымен күкіртсутегі бйоынша ШРШ-тің 1,04-ден 4,23 есеге артқанын көрсетті.

10 шілде күні сағат 0-ден 7-ге дейін «Авангард» ауа сапасын бақылайтын станциясы күкіртсутегі бойынша ШРШ-тың 1,12-ден 12,8 есеге дейін артқанын, «ВестОйл» - солтүстік-батыстан соққан жел бағытымен 2,04-ден 4,27 есеге дейін артқанын көрсетіп отыр.

11 шілде күні сағат 01-де «Загородный» ау сапасын бақылайтын станциясы күкіртсутегі бойынша ШРШ-тың солтүстік-батыстан соққан жел бағытымен 12 есеге артқанын тіркеген.

29.07.2016 күнгі хат

Облыстың экология департаменті «АМӨЗ» ЖШС-нің 2016 жылғы шілденің 25-інен 26-сы аралығындағы ауа сапасын бақылайтын станцияларының мәліметтеріне талдау жасады.

25 шілде күні сағат 4-тен 8-ге дейін «Пропарка» ауа сапасын бақылайтын станциясы солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан жел бағытымен күкіртсутегі бойынша ШРШ-тың 0,02-ден 8,5 есеге дейін артқанын тіркеді. 26 шілде күні сағат 22-ден 23-ке дейін сол ауа сапасын бақылайтын станция ШРШ-тың 2,25-ден 44,8 есеге дейін артқанын тіркеді.

Жоғарыда көрсетіоген жел бағыты бойынша «Petro Export», Каспийпромстройнедвижимость» ЖШС-тері, Сасық сайдың булану алаңдары орналасқан.

2.08.2016 күнгі хат

Облыстың экология департаменті «АМӨЗ» ЖШС-нің ауа сапасын бақылайтын станциясының 2016 жылғы шілденің 28-інен 31-і аралығындағы мәліметтеріне талдау жасады.

«Пропарка» ауа сапасын бақылайтын станциясы 28 шілде күнгі сағат 22-ден 23-ке дейін солтүстіктен соққан жел бағытымен күкіртсутегі бойынша ШРШ-тың 2 есеге дейін артқанын тіркеді; 29 шілде күні сағат 03-тен 04-ке дейін және 30 шілде күні сағат 06-дан 08-ға дейін 2 еседен 7 есеге дейін; 31 шілде күні сағат 03-тен 08-ге дейін 6 еседен 38 есеге дейін артқан.

Барлық төрт хат та кәсіпорындарды жоспардан тыс тексеруді сұраумен аяқталады.

«Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге негіздеме ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 3-тармағымен бекітілген. Алайда, бұл кодекстің нормасында камералдық бақылау нәтижесінде уәкілетті органның жоспардан тыс тексеру тағайындауы үшін негіздеме жоқ, соған байланысты экология департаменті жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша тексеруге бастамашы бола алмайды, деп жазды Қуанов табиғат қорғау прокурорына. – Соған байланысты ҚР Экологиялық кодекстің 117-бабының 10-тармағына сәйкес, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар ҚР-ның экологиялық заңнамасын бұзушылар әрекетін болдырмау үшін немесе жол бермеу үшін прокуратураға немесе басқа құқыққорғау органдарына шағымдануға құқылы. Осы айтылғандардың негізінде экология департаменті бұл мәселені қарастырып, департаментке жоғарыда көрсетілген табиғат пайдаланушыларды тексеру өндірісі үшін прокурорлық қадағалау актісін жолдауды сұрап отыр».

Алайда, департаментке прокурорлық қадағалау актісі әлі келмеген.

«БІЗ ДАЙЫНБЫЗ ҒОЙ, БІРАҚ...»

Тамыздың басында тағайындалған Атырау облысының табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВ тексеруге неге рұқсат етпей отырғанын түсіндірді:

- Облыстың экология департаметі өз хатында шамамен осылар ауаны бүлдіреді деген кәсіпорындар тізімін көрсеткен. Демек, олардың бірі кінәлі де, басқалары кінәлі емес. Біз дәл қай кәсіпорынды тексергелі жатқанын анықтауды, сонымен бірге, тексеру қалай жүргізіледі, қай мерзімде, тексеру алгоритмі қандай болады деген сұрақтарға жауап беруін сұрадық. Жауап алған жоқпыз.

- Ал халық не істейді? Бұрынғыдай уланған ауаны жұта бере ме?

- Біз қазір булану алаңдары бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Соны бірінші кезекте жасау керек деп есептейміз. Зертхананы жұмылдырдық, сынама алдық, күкіртсутегін және басқа да заттарды тексердік. Нәтижелері әлі дайын емес. «Кеңейтілген тізімге» келсек, экологтар дәл кімді тексергелі жатқаны туралы жазған жауап алған соң, бірден рұқсат етеміз. Тіпті мен өзім де сол тексеруге қосыламын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 тамыз 2016, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.