Атырау, 28 наурыз 19:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

ІІД-нің жаңа басшысы тағайындалды

10 871 просмотра

Полиция полковнигі Аян ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысының ішкі істер Департаментінің басшысы болып тағайындалды.

ІІД-нің жеке құрамына оны ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ таныстырды.
- Атырау облысының тумасы Аян Сәбитұлы Дүйсембаев соңғы төрт жыл бойы Атырау облысының ІІД басшысының орынбасары лауазымын атқарды. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, ішкі істер органдарында қызмет етті, ІІМ аппаратында жұмыс істеді, Алматы және Астана қалаларының ІІД басқармаларының басшысы болды, ІІМ-нің департаментін басқарды, - деп хабарлады журналистерге ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

ІІД бұрынғы басшысы Арман ЖАЛМҰХАНБЕТОВ ІІМ-нің кадрлық резервіне ауыстырылды. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ өңір басшысының атынан оған ризашылығын білдірді:

- Сіздердің күштеріңізбен Атырау облысының полиция органдарын техникамен жарақтандыру мүмкін болды. Барлық бөлімшелер, соның ішінде жол-патрульдік полицияcы мен учаскелік инспекторлар заманауи техникаға қол жеткізді. Дәл белгіленген уақытында жергілікті полиция қызметі құрылды. Өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау жоғары деңгейде.

Бұрынғы басшы кезінде ІІД 1,3 млн долларға сатып алған итальяндық кеме мен облыстық құқыққорғау органдарының басшыларына арналып салынған төрт қабатты «қонақ» үй туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары ризашылығын білдіру кезінде сөз етпеді. Бұл нысандар біздің жарияланымымыздан соң бірден полицияның басқа қажеттіліктеріне берілген болатын («Миландық катер мен бір үйдің құпиялары»).

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі ұсынған


27 тамыз 2016, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.