Атырау, 29 наурыз 12:47
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Назарбаев Ниязымбетов пен Левитті алтын медаль иегері ретінде марапаттады

2 055 просмотра

Фото: Tengrinews.kzҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті алтын медаль иегері ретінде жеңімпаз деп санауға болады деген пікір айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Олимпиада чемпиондарын марапаттау рәсімі "Қазақстан" орталық концерт залында өтіп жатыр. Назарбаев спортшыларды табысты өнер көрсеткені үшін құттықтап, олардың жеңісі Қазақстанның егемендігіне 25 жыл толу мерекесіне сый болғанын айтты.

"(...) Боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті біз барлығымыз Олимпиада ойындарының алтын медалі иегері ретінде санауымыз керек. Сондықтан мен олардың ынталандыру сыйларын алтын медаль иегерлерімен теңестірдім", - деді Назарбаев.

"Сіздер менің және Қазақстанның барлық жанкүйерлерінің үмітін ақтадыңыздар, біздің еліміздің абыройын биік ұстадыңыздар. Біздің құрама 17 медаль ұтып алды. Бұл көрсеткіш бұрынғы Олимпиадалық ойындардағы Қазақстан құрамасының алып жүрген медальдарынан көп", - деді Президент

Елбасы спортшылар әр түрлі ұлттан екенін атап өтті, соған қарамастан барша қазақстандықтар біздің спортшыларға жұмыла жанкүйер болғанын айтты.

"Барлығымыздың қуанышымыз шексіз, себебі олимпиялық тұғырда қазақстанның әнұраны үш рет орындалып, туымыз көтерілді. Осы орайда боксшы Данияр Елеусіновтың, тұңғыш рет жүзуден бірінші орын иеленген жүзуші Дмитрий Баландинның алтыны, соның арқасында көптеген адам жүзуге қызығушылық танытады деп ойлаймын, ауыратлет Нижат Рахимовтың еңбегін ерекше атап өту керек, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы күміс медальдар мен қола медальдар санын көріп болашақта Қазақстанның оданда биік белестерге ұмтұлу керектігін айтты.

Жалпы Рио Олимпиадасына Қазақстанның атынан 26 спорттың түрінен 104 спортшы қатысты. Өткен Ойындар Еліміз үшін күміс медальдар бойынша және жалпы медальдар саны бойынша өзіндік рекорд орнатты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 тамыз 2016, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.