Атырау, 18 сәуір 20:11
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"Үш тiлде сауат ашады. Қазақша, орысша, ағылшынша...", "Дін мәселесі. Хаос жүйесі қалай құрылады?", "Бап. Бақ. Тақ.", "Мейірімді Меркель және босқындар", "Қазақ Мәсімовті орысшылдығы үшін жақтырмайды"

3 701 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Үш тiлде сауат ашады. Қазақша, орысша, ағылшынша..." - Келесi аптада елiмiздiң бүкiл мектептерiнде алғаш­қы қоңырау соғылады. Бұл – ата-ана үшiн де, бала үшiн де қашанда ерекше оқиға. Ал мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын шәкiрттер үшiн биыл оның мәнi тiптi зор, тiптi ерекше. Өйткенi биылғы оқу жылынан бастап елiмiздiң барлық мектептерi жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша бiлiм беруге көшпек.

"Бап. Бақ. Тақ." - Елге танымал атқа мiнер­лер­ге қатысты соңғы кадр өзгерiстерiнен бiрiздiлiк пен логика iздеп, президент ше­шiмдерiне нақты себеп не сылтау iздеп жатқандарға таңға­ламын. Өйткенi ешқандай қи­сын жоқ: баяғы кадрлық жартас – сол бiр жартас, бәрi де сол ескi сарын, субъективтiк таңдау, қоғам мен билiкте жылдар бойына өз шешiмiн таппай, қордаланып қалған проблемаларды тағы да кейiнге қалдыру. Президентке кiм бүгiн сөзiн өткiзе алды – соның асығы алшысынан түседi, дегенi болады.

AZATTYQ.ORG. "ҮЕҰ зорлықпен күресті күшейтуге шақырды" - Зорлық-зомбылық құрбандары мемлекеттік көмектің кемдігін, қоғам тарапынан да қолдау көре бермейтіндерін айтады. Олар психологиялық және әлеуметтік жәрдемге мұқтаж.

"Студенттер шабуыл қорқыта алмағанын айтады" - Тамыздың 24-інде Кабулдегі Ауғанстанның Америка университетіне террорлық шабуыл жасалып, кемінде жеті адам қаза тапты.

ABAI.KZ. "Дін мәселесі. Хаос жүйесі қалай құрылады?" - XXI ғасыр – жаһандық рухани геостратегиялық кеңістіктегі ділдер (менталитеттер) арасындағы тайталас кезеңі. Рухани геостратегиялық кеңістік дегеніміз адамзат санасының дамуына, адам мен қоғам, қоғам мен табиғат қатынастарына ықпал ететін әлемдік қауымдастықтың ортақ мәдени, ақпараттық, ғылыми, діни кеңістігі. XXI ғасырда әскери күштер табиғи ресурстарды бақылау үшін жүргізілетін қақтығыстарды ұмытты. Олардың қақтығыстары материалдық емес, рухани құндылықтарды, оның ішінде адам психикасын (ішкі сезімі мен көңіл-күйін) көздейтін жасырын күрес сипатына ие болып келеді.

"Жарнамасы - зор, тауқыметі - сор..." - Халықтың назарына осы банктің жарнамалары жиі ілінеді. Әу дегенде елдің ойына көптен қолжеткізе алмай жүрген баспана мәселесін шешуге деген үміті жылт етері сөзсіз. Дегенмен ТҚЖБ шынайы соқпағынан өтіп көргендер мақтауынан гөрі машақатын көбірек айтуда.

QAMSHY.KZ. "Қытай ұзақ мерзімді арендаға жер ала алмаған соң қазақстан өнімдерінен бас тартып отыр ма?" - Азық-түлік өнімдеріне зәруілігі күн санап артып отырған шығыстағы көршіміз біздің елден баратын еттің сапасына күмәнданып отырған көрінеді. Енді қазақ етінен күмәнданған қытайлар ресейлік өнімге деген сұранысын арттырып отыр. Осылайша, ТМД-да ет экспорттау көлемі бойынша бірінші орын аламыз деген Қазақстан Ауылшаруашылық министрлігінің жоспары күл-талқан болып, Ресей алдымызға шығыпты.

"Мектеп мұғалімі әділдік іздеп директорымен соттасып жүр" - Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылдық мектебінің директоры мен мұғалімі Айман Сағидулланың арасындағы дау-дамайға қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі сот залынан.

KORRESPONDENT.KZ. "«Болашақтың энергиясын» іздесең емге таппайсың" - Қазақстандағы өмір парадокстарға толы. Бұл сөзіміздің ЭКСПО-2017 көрмесіне де қатысы бар. Қанша дегенмен, қазақтың жерінде өткелі отырған «той» емес пе? Нағыз парадокс сол ЭКСПО-ның атауында. «Болашақтың энергиясы» деген атаумен Дания немесе Германия көрме өткізсе, жарасар еді. Енді сол болашақ энергиясы деген әдемі сипаттама санаулы ғана жел-күн электр стансалары бар Қазақстанға жараса қояр ма екен?!

DALANEWS.KZ. "Қазақ Мәсімовті орысшылдығы үшін жақтырмайды" - Кезінде мен Астанада саяси технология атты кафедраны қүрып, соны төрт жылдай басқарғанмын. Сол бағытта біз бірнеше коллективтік кітап шығардық. Оның алдында мен Қазақстанның бірінші басшылары атты кітапша және Дариғаның басқаруымен документалдық фильмдер түсіргенбіз. Қазақстан Парламентіне сайлауда тиісті адамдарды саяси технологиялық қолдау жасау біздің мақсат болды. Сондықтан кейбір саяси технологиялық ойларды ортаға салмақпын. Мен саясаткер емеспін және бола алмаймын. Бірақ қолдан келетіні – саяси технологиялық талдау, кеңес беру.

TURKYSTAN.KZ. "Сәбиінің қауіпсіздігіне салғырт қарайтын ата-аналар неге көбейді?" - Ақтөбедегі періштесі қаққан балақайдың оқиғасы өткен аптада дүйім жұрттың құлағына жетті. Бесінші қабаттан құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің аман қалғанына шүкір десті жұрт. Әуелі талға ілініп барып, жұмсақ топырақтың үстіне түспегенде жағдайы қандай боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Ашық қалған терезе баласының өмірін жалмаса, ата-анасының өзегін өмір бойы өкініш өртер еді. Бүлдіршінін қараусыз қалдырғаны үшін өзін жазғырып өтетін әке-шешенің қатарын толтырар еді. Немқұрайлылықтың кесірінен бауыр еті – баласынан көз жазып қалғандар елімізде онсыз да аз емес.

"Мейірімді Меркель және босқындар" - Былтыр басына пана іздеген босқындар үшін ауыр жыл болды. Олар үшін өмір мен өлім арасы тым жақын еді. Бас сауғалаған шарасыз жандар туған жерін тастап, қандай жолмен болсын аман қалудың амалын іздеді. Өміріне араша түскісі келіп, жанталасқан келімсектердің көрмеген құқайы жоқ. Жерорта теңізі арқылы жаяу-жалпы қашқан қаншама адам бақилық болса, ал буыны қатая қоймаған бейкүнә сәбилердің суға батып кеткен суреті әлі көз алдымызда. Бұл оқиға әлем халқының төбе құйқасын шымырлатып, жүрегін сыздатқаны анық.

365INFO.KZ. "Мемлекеттік тілді қорлаған Centercredit банк қатесін мойындап, баршадан кешірім сұрады" - Кеше әлеуметтік желіде Centercredit банктің сауатсыз әрі ана тілімізді масқаралаған қазақша түбіртегі пайда болған еді. Ол әлеуметтік желіні қолданушылардың ашу-ызасын туғызып, бұл ретте, біздің медиа-портал мемлекеттік тілді аяқ-асты еткен банктің осы сорақы қылығын қазақ халқын басыну деп тауып, мәселе көтерген-ді.



26 тамыз 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.