Атырау, 29 наурыз 18:45
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран OPEC-тің мұнай бағасын көтеру жиынына қатыспақ

1 345 просмотра

Фото: AFPИранның мұнай министрі Бижан Зангане Тегеранның Мұнай өндіруші елдер ұйымының (OPEC) қыркүйекте Алжирде өтетін мұнай бағасын көтеру шаралары жөніндегі жиынына қатысатынын растады,- деп хабарлады Азаттық. Занганенің бұл сөзі бірден мұнай бағасының аз да болса көтерілуіне әсер етті. 25 тамызда Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 62 центке көтеріліп, 49,67 долларды құрады.

Иран өзінің мұнай өндіру көлемін санкция салынғанға дейінгі күніне төрт миллион баррель өндіру деңгейіне жақындатып қалды. Иран биыл қаңтарда халықаралық санкциялар жойылған соң бірден мұнай өндіру көлемін арттыруға кіріскен.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, Иран шілдеде күніне 3,6 миллион баррель мұнай өндірген. Иран санкциялар жойылғаннан бері мұнай мен газ экспорты көлемін екі есеге арттырып, күніне 2,7 миллион баррельге жеткізгенін айтады.

Иран сәуірде мұнай өндіру көлемін санкцияға дейінгі деңгейіне жеткізе алмай тұрғанда Сауд Арабиясы мен Ресейдің өндіріс көлемін азайту туралы ұсынысынан бас тартқан еді. Бірақ сарапшылар Тегеран қазір мақсатына жетіп қалғандықтан өндірісті азайту ұсынысын қабылдауы әбден мүмкін дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

26 тамыз 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.