Атырау, 20 сәуір 18:38
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Адамдарға көмек көрсетуге арналған жобалар

2 846 просмотра

Атырау облысында әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 6 жоба жақын арада жүзеге асырылады. Олардың барлығы да ТШО-ның қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырған «Жарқыра» бағдарламасының жеңімпаздары атанды.

- Сәуірде танысу семинарлары өткізілген болатын. Содан кейін «Жарқыра» бағдарламасының ұйымдастыру комитеті Атырау қаласының және Жылыой ауданының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік бизнестің 72 тұжырымдамасына ие болды. Байқаудың бірінші кезеңінде сарапшылар 25 үздік идеяны таңдады. Олардың авторлары кеңесшілердің көмегімен бұл идеяларды бәсекелі бизнес жоспарлар етіп дайындады. Содан соң қаржылай қолдау үшін әлдеқайда қызықты 6 жоба таңдап алынды. Жеңімпаздар қатарында стартап жобалар да, іске асырылып жатқан жобалар да бар, - дейді Орталық Азияның Еуразия қорының жобалар бойынша ассистенті Анар АРЫНОВА.

Барлық жеңімпаздар жалпы сомасы 18,6 млн теңгеге ақшалай грант алды.

Жеңімпаздар қатарында, мәселен, «Мейір-Нұр» жобасын ұсынған Құлсары тұрғыны Нұрлан ШЕГІРОВ бар. Нұрланның Кұлсарыда церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды иппотерапияның көмегімен емдеу орталығы жұмыс істейді. Грантқа ол 4 жылқы мен ер-тоқымдар сатып алуды жоспарлап отыр. Болашақта орталығында жастар үшін атпен жүруді үйрету сабақтары жүргізілмек.

Басқа қатысушы Сәлима САРБАЛИНА талдау жүргізіп, 78 мың халқы бар Құлсары қаласында жүрек-қан тамырлары аурулары жоғары деңгейде екенін, бірақ соған қарамастан мамандандырылған медициналық кабинеттің жоқ екенін анықтаған.

Дамира ТЕМІРХАНОВА «Интернет-мамандары Академиясын» ашады. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды үйден жаңа интернет мамандықтарына оқытпақшы.

Айгүл МАҚТАУБАЕВА жабдық сатып алып, «әлеуметтік» шаштараз салонын ашады. Онда халықтың тұрмысы төмен тобына жататын жас қыздар мен әйелдерді, мүгедектерді және жалғызбасты аналарды шаштараз ісіне оқытады. Шаштаразда көрсетілетін барлық қызметтер алдағы уақытта тұрмысы төмен топтар үшін бағалар бойынша қол жетімді болмақ.

Ал, Құлсары қаласының тұрғыны Эльвира АЙТУЕВА «Инсульттан кейінгі өмір» шағын орталығын таныстырды. Ол Жылыой аудандық емханасының невропатологы. Инсульт алған адамның және оның туыстарының өмірі қалай өзгеретінін жақсы біледі:

- Инсульт алған науқастардың 80 пайызы мүгедектіктің үш тобының біреуін алады. Бұл адамдар еңбек қабілеттілігін жоғалтады, тұрмыста дәрменсіз болып қалады. Мұндай науқастың туысқандарына жұмысын тастап, олардың жанында болуына тура келеді, - дейді Эльвира. – Инсульт алған соң оңалтудың дербес бағдарламасы науқастың қалыпқа келуіне көмектеседі.

Эльвираның инсульт алған адамдарды оңалтуға арналған сондай орталығы бар. Ал енді оны кеңейтіп, жұмысқа емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен логопедті шақыру және арнайы жаттығу құрылғыларын сатып алу мүмкіндігі туып отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 тамыз 2016, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.