Атырау, 25 сәуір 16:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Шәкәрім портреті сыйға тартылды

3 187 просмотра

Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы қала тұрғынынан танымал суретші Асылбек ҒҰБАШЕВТЫҢ суретін сыйға алды.

63 жастағы қазір Алматы қаласында тұрып жатқан оралдық суретші Ғұбашев – КСРО суретшілер одағының мүшесі, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі сыйлығының лауреаты. Суретшінің суреттері Ресей, Өзбекстан, Чехия, Канада, Мысыр және басқа да әлем елдерінде қойылған.

Суретті мұражайға коллеция жиюшы және антикварлық дүкен қожайыны Николай АЛИСТРАТОВ ұсынды. Оның айтуынша ол бұл суретті Мақат ауданына іссапармен барған кезде жеке тұлғадан сатып алған, міне, енді оны мұражайға сыйға тартпақшы болып шешкен. Бұл суретшінің 25 жыл бұрын салынған қазақ халқының танымал ақыны, жазушысы, тарихшы-философы және сазгері Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ портреті.

Мұражайдың сараптама комиссиясы мүшелерінің шешімімен сурет қорға сақталуға қабылданған.

- Біз бұл жұмыс бойынша ақпараттар жинаумен айналысатын боламыз, - дейді мұражай директоры Төлеген ОРЫНБАСАРҰЛЫ. – Толық тізілім жасалып болған соң еліміздің тарихы мен мәдениетіне зор үлес қосқан Шәкәрімнің портреті көрме залына қойылатын болады.

Зульфия БАЙНЕЕКЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН
25 тамыз 2016, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.