Атырау, 24 сәуір 16:53
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ауылдар үшін су бағасы қымбаттайды

2 916 просмотра

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті өз сайтында 19 қыркүйек күні сағат 10-да департамент кеңсесінде (Атырау қаласы, Авангард -4 ықшам ауданы, 3 «в» үй) «ҚазСуШар» РМК облыстық филиалының каналдар және магистралды құбыр желісі бойынша су берудің шекті тарифін бекіту жөніндегі өтініші бойынша жұртшылық тыңдауы басталады деген хабарламасын жариялады.

Монополияға қарсы департаментте бізге түсіндіргендей, «ҚазСуШар» филиалы тарифтерді төменде көрсетілгендей көтеруді сұрап отыр (баға ҚҚС-сыз): канал бойынша су беру – текше метр үшін 15,6 теңгеден 32,57 теңгеге дейін, яғни, 2 есеге; үнемі суару текше метр үшін – 11,92 теңгеден 25,42 теңгеге дейін, яғни, 2,1 есе; көлдетіп суаруға текше метр үшін – 2,71 теңгеден 4,74 теңгеге дейін, яғни, 1,75 есе; жайылымды суару текше метр үшін – 68,04 теңгеден 141,17 теңгеге дейін, яғни, 2 есе; Қоянды магистралды құбыр желісі бойынша су беру текше метр үшін – 337,4 теңгеден 1532,52 теңгеге дейін, яғни, 4,5 есе, Миялы-Жангелді-Жасқайрат құбыр желісі бойынша текше метр үшін – 280,1 теңгеден 777,16 теңгеге дейін, яғни, 2,7 есе, Индер-Миялы құбыр желісі бойынша текше метр үшін – 370 теңгеден 1344,66 теңгеге дейін, яғни, 3,6 есе.

Сушылар өз қызметтерінің қымбаттауын 175,6 млн теңге сомасындағы сумен жабдықтау жүйесін техникалық қайта жарақтандыру және қайта құруға бағытталған 2017-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қажеттілігімен және ЖЖМ, шикізат мен материалдар шығынының артуымен дәлелдеп отыр.

Тәжірибе тарифті көтеру жөніндегі монополистердің өтініштерінің ішінара қанағаттандырылып жатқанын көрсетіп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2016, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.