Атырау, 18 сәуір 07:13
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Сұңқар» атты Қазақстан-Ресей зымыраны коммерциялық пайдалануға 2025 жылы беріледі

2 839 просмотра

Байқоңыр айлағында негізгі ғарыш кемесіне айналуы тиіс Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Сұңқар» зымыраны 2024 жылы құрастырылып бітеді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы ұсынған жоба сипаттамасында атап көрсетілгеніндей, ғарыш кемесін сынау 2024 жылы басталмақ. Ал 2025 жылы «Сұңқар» коммерциялық пайдалануға беріледі. Осыдан соң, «Роскомос» гептилмен ұшырылатын Протон-М ракеталарын қолдануды доғарады.

Қазақстандық серіктестер корпорацияның ұсынысына келісімін беріп отыр, деп хабарлады басылымға «Қазғарыш» агенттігіне жақын дереккөздердің бірі. Дегенмен жаңа ракетаның ұшырылуына қажетті жаңа инфрақұрылымның құрылысына қатысты сауалдар әлі де өзекті.

«Қаражат жағы негізінен Қазақстан тарапынан болғандықтан, бұл мәселенің қаржылық жағы талқылануда. Есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ идея деңгейінде бұл бізге ұнайды», - деп келтіреді дереккөздің сөзін басылым.

Қазақстан мен Ресей экологиялық таза «Бәйтерек» зымыран-тасығышын ұшыру бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Бұрын хабарланғанындай, «Роскосмос» «Бәйтерек» кешенінің жаңа форматтағы әріптестігін дамытуды ұсынды. Ресей тарапы Қазақстан үшін «Зенит» зымыранының барлық жақсы қырларын алатын жаңа экологиялық таза зымыран құрастырып береді. Ал Қазақстан жағы зымыран ұшырылатын инфрақұрылымын дайындауы тиіс.

Басылым мәліметтері бойынша, ракетаның құрылысына қажетті қаржы 2016-2025 жылдарға арналған Федералдық ғарыш бағдарламасы аясында бөлінеді.

Ракетаның құрылысын Самаралық «Прогресс» ғарыш орталығы жүргізеді. Оған Хруничев орталығы мен Макеев атындағы зымыран орталығы қолдау көрсетпек.

Дереккөз: Іnform.kz

25 тамыз 2016, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.