Атырау, 29 наурыз 07:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Баланың емі үшін Олимпиада-2016 жүлдегері өз медалін сатып жіберді

2 009 просмотра

Фото: bustle.comПоляк спортшысы Петр Малаховский Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада диск лақтыру бойынша жеңіп алған күміс медалін қатерлі ісікпен ауыратын үш жасар баланың емін төлеу үшін сатып жіберген. Бұл туралы поляк өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі Gazeta.ru-ге сілтеме жасап.

Марапат ретінде атлет 126 мың доллар алған. Айта кетейік, Петрден Олимпиаданың күміс медалін поляк миллиардерлері Доминика және Сесастьян Кульчик сатып алған.

«Мен Олекке көмектесу туралы шешім қабылдап, Риода жеңіп алған күміс медалімді аукционға шығардым. Түскен барлық қаражат Олектің еміне жұмсалатын болады», - деп жазды ол.

Дереккөз: Іnform.kz

25 тамыз 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.