Атырау, 29 наурыз 14:38
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Иран мен Ресей арасында ойын басталды. Кім кімді алдап отыр?", "Бостандыққа шыққан саясаткер Владимир Козлов ендi немен айналысады?", "Қазақстан да КСРО-ны сағынып жүр екен!", "Елшілер неге мемтілді қажет етпейді, Ыдырысов мырза?"

1 910 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Путиннің маскасын киген белсенді Украинадан баспана сұрады" - Ресей президенті Владимир Путиннің резеңке маскасын киіп, үнемі жалғыз наразылық шарасын өткізумен танылған мәскеулік белсенді Роман Рословцев Украинадан саяси баспана сұрады.

"Желідегі кәсіпкерлерді салық төлеуге міндеттеді" - Тауарларын әлеуметтік желілер арқылы сататын қазақстандық кәсіпкерлерді салық төлеуге міндеттеді. Бірақ кей экономистер «бюджеттің жыртығын бұлай жамай алмайсың» деген уәжбен бұл амалдың тиімділігіне күмәнданады.

365INFO.KZ. "Иран мен Ресей арасында ойын басталды. Кім кімді алдап отыр?" - Сириядағы лаңкестік күштерге әуеден жойқын соққы беру үшін Иран Ресейге берген өзінің әуе базасын 3 күн ішінде кері қайтарып алды. Аяқ-асты қабылданған бұл шешімге ресейлік мамандар аң-таң. Олар Иран жасалған келісімшартты кілт бұзып, бізді алдап кетті деп санайды. Алайда саясаттанушы Әзімбай Ғали алдау бұл арада керісінше Иранға қатысты болғанын болжайды.

"Қазақстан да КСРО-ны сағынып жүр екен! Зерттеу нәтижелері" - КСРО-ға оралғыңыз келе ме? Бұл сұрақты ғалымдар ТМД тұрғындарына жолдапты. Жауап біржақты емес.

ZHASALASH.KZ. "Бостандыққа шыққан саясаткер Владимир Козлов ендi немен айналысады?" - Кеше Алматыда қызметiне ты­йым салынған “Алға" партиясының бұрынғы жетекшiсi Владимир Козловтың түрмеден босап шығуына байланысты баспасөз мәслихаты өттi. Баспасөз жиынын ашқан журналист және құқық қорғаушы Сергей Дуванов: “Бостандыққа шығу – адамның өмiрге қайта келуiмен пара-пар. Өйткенi тек өмiр ғана бостандықтан бағалы" дей келе, В.Козловтың тұтқындалуында саяси астар болды деп мәлiмдедi.

"«Тамыз бүлiгiне» – 25 жыл" - 25 жыл бұрын, 1991 жылдың 19 тамызында кеңестiк билiктегi бiр топ адам КСРО президентi Михаил Горбачевтiң Кеңес Одағын тәуелсiз мемлекеттердiң федерациясына айналдыру жоспарын жүзеге асыруға кедергi жасамақ болды. Iс жүзiнде, “Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң" мүшелерi қызыл империяның ыдырауын өз қолдарымен жеделдетiп жiбергендерiн ол кезде түсiнбедi.

ABAI.KZ. "Орыс тілінің ресми тіл боларлық қауқары қалмады" - Қазір Қазақстанда орыс жұртшылығының үлесі салмағы төмендей келе бар болғаны 20 пайызды ғана құрап отыр. Мұндай жағдайда "орыс тілі қалай ресми тіл болады?" деген заңды сауал қойылары хақ...

"Елшілер неге мемтілді қажет етпейді, Ыдырысов мырза?" - «Елдестірмек елшіден». Құдайға шүкір, қазір Тәуелсіз қазақ елінің әлем алдындағы абыройын асқақтатып, геосаясаттағы көшімізді өрге сүйреп жүрген дипломат­тарымыз аз емес. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде әлемнің 45 елінде Қазақстанның елшілігі ту тігіп, шет мемлекеттермен саяси қарым-қатынас жасап жатыр. Бірақ біз осыған дейін ғаламға Тәуелсіздігімізді мойындататын – қазақтың үні, қазақтың тілі екенін, Алаш елінің атынан сөйлейтін әр елші мемлекеттік тілді толық қолдануы қажеттігіне мән бермей келдік. Енді осы олқылықтың орнын қалай толтыруға болады? Ой елегінен өткізіп көрелікші.

QAMSHY.KZ. "Дариға Назарбаеваға Яссауи кесенесі тарихының қазақша жазылғаны ұнамай қалды" - Вице-премьер Дариға Назарбаева Түркістан қаласына жасаған сапары барысында ОҚО тұрғындары халық санының көбеюіне белсенді кірісіп кеткені соншалық, мемлекет балабақша мен мектептер салып үлгере алмай жатқанын айтты.

KORRESPONDENT.KZ. "Келу үшін кеткендер" - Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер елі. Бір бағытты басқарып жарытпаған маманға екінші бір саланы да «бүлдіру» мүмкіндігі тек бізде ғана берілетін шығар. Ұлы даланы бір айналып шыққанша ел оның бұрынғы істерін ұмытады. Сөйтіп, қайта келген «жаңа басшы» екінші бір министрлікті түк болмағандай басқара береді.

"Кезегің келгенше келмеске кетуің мүмкін" - Баспанасы жоқтың бабы келіспей, үйі жоқтың күйі болмайтыны белгілі. Әр жерге көшіп-қонып жүрген адамның жағдайы айтпаса да түсінікті. Бар тапқанын пәтерақысына төлеп, өлместің күйін кешіп жүрген отбасылар да жетіп-артылады. Шиеттей бала-шағасымен пәтер жалдап жүрген жанұяда жер алып, үй салып алуға қайбір жағдай болсын, олардың бар үміті – мемлекет тарапынан берілетін баспанада. Бірақ, білетіндердің айтуынша, кезекпен берілетін тұрғын үйдің де өзіне тән машақаты болады.

EGEMEN.KZ. "Қазақстан зор табыстарға қол жеткізді" - Достас ел Қазақстанға сапар әр­кез менің есімде қалатын са­пар­лардың бірі болып таб­ы­лады. Қазақстан халқының қонақ­жай­­лылығы мен Президент Назарбаев көрсеткен шынайы дос­тық ілтипат менің жүре­гімде және Сербияның бүкіл азамат­тары­ның жүрегінде айрықша орын ала­тын нағыз құндылық болып сана­лады. Біз Президент Назар­баев­пен барлық саладағы ықпал­дастық­тың белсенділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар мен шарттарды бел­гіледік.




24 тамыз 2016, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.